АЭС

Референдумға белсене қатысайық

Наурызбек САРБАСОВ,

облыстық мәслихаттың депутаты,жеке кәсіпкер

Бейбіт түрде қолданылатын атом мен әскери мақсатта қолданылатын атомның аражігін ажырата білу керек. Сонда санада туындайтын сан сауалдың жауабы айқын болады. АЭС — энергия тапшылығының алдын алу үшін қажеттіліктен туған тиімді қадам. Бұл — халық игілігі үшін жұмыс жасайтын атом. Қазірдің өзінде медицина саласында қолданылады. Күннің жарығы, жылуы адам баласына қандай қажет болса, АЭС еліміздің ертеңгі күні өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруі үшін өте қажет.

Болашақты бүгіннен ойлаған дұрыс. АЭС-тің арқасында экологияға зияны жоқ жасыл аймаққа айналамыз. Тағы бір пайдасы, атом энергетикасы орталық Қазақстанда орналасса, еліміздің барлық аймағын энергия­мен қамту деңгейі артады деп есептеймін. Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, атом энер­гиясы қуаттылығы жағынан көмір мен газдан әлдеқайда жоғары әрі сыртқа аз қалдық шығарады. Дені сау ұрпақ — ұлт болашағы. Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде атом электр станциясын салу бойынша жалпыхалықтық референдум 6 қазанда өтетінін мәлімдеді. Қазақстан АЭС салу бойынша шешім қабылдау кезеңіне жақындап келеді. Ендеше, ел болып 6 қазанда өтетін референдумға белсенді түрде қатысайық

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button