АЭС

Қажеттіліктерді өтеудің жалғыз жолы

Айтбай БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ,

аудандық қоғамдық кеңес төрағасы

Алдағыр еферендумда еліміз үшін саяси-экономикалық, əлеуметтік маңызды мəселе күн тəртібіне қойылып отыр.Пікір білдірушілер арасында атом электр станциясы салынуы керек деушілер де, оған қарсылар да бар. Қарсы топты да түсінуге болады, өйткені халқымыз ядролық сынақтар зардабын Семей, Азғыр полигондары арқылы біледі.

Алайда елімізде өндірістің дамуына, халық санының өсуіне байланысты энергия көзін тұтыну жыл сайын артып келеді. Мұндай қажеттіліктерді өтеудің бір ғана жолы— АЭС салу. Бұл— əлемнің ең дамыған елдерінің тəжірибесі. Мәселен, бүгінде Түркия, Бангладеш, Беларусь, Мысыр, БАЭ елдері атом электр станцияларын салуда.  Ешбір ел миллиардтаған қаржы қажет ететін атом станцияларын еріккеннен салмайтыны анық. Радиофобияға салынудан арылу керек, өйткені ғалымдар қазіргі реакторлардың қауіпсіз екенін айтып отыр.

Еліміз —əлемдегі уран қоры ең көп мемлекет. Ал сол уранды ел игілігіне тұтыну арқылы өркениетті елдер қатарына қосылуымыздың ең тура жолы АЭС салу болмақ.

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button