Тұмау — қауіпті ауру
Күн суыта бастағаннан түшкіріп-пысқырып, көзі жасаурап, жөтеліп жүргендердің қатары көбейеді. Көпшілік ішінде ауруға мән бермей «әшейін тұмау ғой» дейтіндер бар. Алайда дәрігерлер бұл дертке бейжай қарауға болмайтынын айтады. Тұмау асқынса, жүйке жүйесі, қантамыр, жүрек ауруына шалдықтырады екен. Мамандар қазан айынан бастап жедел вирусты респираторлық ауру өрши түсетінін айтады. Биыл 8 айдың ішінде 239462 адам ЖРВИ-мен ауырған. Оның алпыс пайызға жуығы 14 жасқа дейінгі балалар болып отыр. Осы ретте облыстық инфекциялық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Майра Нұрғалиевамен тілдестік.
Маманның айтуынша, елімізде әр жыл сайын 1 қазан мен 30 сәуір аралығында жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен тұмауға шалдыққандарға бақылау жүргізіледі. Яғни осы аралық тұмау маусымы, эпидемиологиялық кезең болып саналады. Бұл уақытта әр адамның тұмаудан сақтанып, аурудың алдын алуға барынша көңіл бөлгені жөн.
Майра Нұрғалиеваның айтуынша, жедел вирусты респираторлы инфекциялардың түрі көп. Әр инфекция қоздырғышының өзіне тән клиникалық көріністері болады. Мәселен, ЖРВИ-де катаралды белгілер, яғни мұрыннан су ағып, тамақ қышиды, ауырады және жөтел көбірек білінеді. Аденовирус жұқтырған кездебас ауырады, бадамша бездерінде іріңді жабынды немесе іріңді фолликулалар байқалады. Көз қызарып, коньюнктивит белгілері де кездеседі. Парагрипп кезінде құрғақ жөтел пайда болып, дауыс қарлығады. Науқас өзін жайсыз сезініп, ештеңеге зауқы соқпайды.
—Тұмауға шалдыққан кезде дене дел-сал болып, көңіл күйі нашарлайды. Адамның асқа тәбеті тартпайды. Бір-екі күннен кейін қызуы көтеріліп, басы ауырады. Буын-буыны сырқырап даусы қарлығады, мұрын бітеледі. Түшкіріп, көзі жасаурайды. Кейде жөтел пайда болады. Бұндай кезде науқастың оқшауланғаны дұрыс. Көпшілік жерге барғанда бетперде тағып алуы керек. Оны әр үш сағат сайын ауыстырып отырған жөн. Жалпы тұмау және жедел респираторлы вирусты инфекция кезінде антибиотик ішуге болмайды. Ең әуелі қызу түсіретін, вирусқа қарсы препараттарды қабылдап, сұйықтықты көп ішу керек. Ал атнибиотик ауру асқынып, бактериалды инфекцияға ұласқан жағдайда ғана беріледі. Сондықтан тұмау басталған кезде бірден антибиотикке жүгіру — өте қате нәрсе, — деді Майра Нұрғалиева.
Тұмаумен ауырған адам міндетті түрде дәрігердің бақылауында болып, ауасы таза оңаша бөлмеде жатып тынығуы керек. Дене қызуын, дене сырқырауын басатын дәрілер ішкен жөн. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы, т.б. болып, олар жиі қайнатылып, жуылуы керек.
Сондай-ақ дәрігер тұмаудың алдын алудың бір жолы вакцина алу екенін айтты. Қыркүйек, қазан, қараша айларында екпе алған артық етпейді екен.
— Науқастармен жұмыс істейтін болғандықтан дәрігерлер екпені жыл сайын алады. Ресейде шығарылған вакцинаның сапасы жақсы. Жалпы екпені желтоқсанға дейін алған дұрыс. Себебі қыс басталғанда тұмау өршиді. Екпе жүкті әйелдерге, бір жасқа дейінгі балаларға, созылмалы ауру бойынша қауіпті топта тұрған науқастарға, қант диабетіне шалдыққандарға және медицина қызметкерлеріне тегін салынады. Сондықтан әсіресе жүкті әйелдер екінші, үшінші триместрінде алған жөн, — деді дәрігер.
Тұмау вирусы ауаарқылытарайды. Науқасадамжөтелгенде, түшкіргенкезде, сондай-ақоныңқақырығы, ұстағанзаттарыарқылы да жұғады. Сондықтантұмаумаусымыкезіндебұлаурудыңбелгісібайқалғанадамдарданмүмкіндігіншеаулақболуғатырысып, үйденауқасадамдыкүткендебетпердетағып, сақтықшараларынабарыншамұқиятболғандұрыс.
Мамандардың айтуынша, тұмау вирусы ауада төрт сағатқа дейін өзінің белсенділігін сақтайды. Сондықтан жиһаздарды тағы басқа да заттарды дымқыл шүберекпен сүрткен дұрыс. Үйді тазалағанда кір сабын, ас содасы, түрлі зарарсыздандырушы құралдарды пайдаланыңыз. Қоғамдық көлікте, көпшілік орындарда бетпердемен жүру керек.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЖЕДЕЛДІГІ МЕН САПАСЫ АРТАДЫ
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың жедел жәрдемнің кешігіп келуіне қатысты шағымдары бойынша, талдау жүргізді. Нәтижесінде шақыртулардың елу пайыздан астамы, шұғыл шақыртудың төртінші санатына жататынын көрсетті. Осыған байланысты министрлік медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету стандартына және жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгеріс енгізу үшін жоба әзірледі. Бұл туралы министрлік ресми ақпараттықпорталында жариялады. Жедел жәрдем шақыртуларға баруын тоқтатпайды. Керісінше,өзгеріс медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға бағытталған.
«Дәрігерді үйге шақырту үшін тіркеу, стационарларды ұйымдастыруға қатысты тармақтар құжаттың құрылымын жақсарту үшін жобаның басқа бөліміне ауыстырылды. Бірақ олар өз күшінде қалады. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметкерлері алдыңғы стандарттың шеңберінде үйде көмек көрсетуді жалғастырады.
Денсаулық сақтау министрлігі қызмет көрсету сапасы арттыру үшін медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады» делінген министрлік порталында.
Кәмшат ҚОПАЕВА.