Денсаулық

Оңалту орталығы ашылды

Ақтөбе қаласындағы Алтын Орда шағын ауданында ерекше балаларды оңалтуға арналған «TOLKYN_MED» орталығы ашылды.

«Мүгедек балалардың құқықтарын қорғау қоғамы» үкіметтік емес ұйымы жанынан ашылған орталықтың бастамашысы —  сол ұйымның басшысы көпбалалы ана Толқын Аблаева.  Оның екі баласына церебральды сал ауруы диагнозы қойылған. Сондықтан ол бұл мәселемен етене таныс.

Қазір бірлестікте екі жастан он сегіз жасқа дейінгі380 бала ем алады. Олардың жетеуі — қамқоршыларымен бірге тұратын жетім бала. Жаңа орталықта эпилепсия,Даун синдромымен дүниеге келген,церебральды сал ауруы, саңырау және мылқау, аутизм ауруына шалдыққан балалар қабылданады, — деді «Мүгедек балалардың құқықтарын қорғау» қоғамының мүшесі Әсем Жұмаберген.

Екі қабатты орталықта он алты кабинет жұмыс істейді.Балаларды невропатолог, психолог, дефектолог, педагог-логопед сияқты мамандар қабылдайды. Бұдан бөлек екі дәрігері барфизиотерапия кабинетінде ем жүргізіледі. Орталық мамандарының айтуынша, алдағы уақытта ментальды арифметика кабинеті ашылады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Жеңісұлы мен Ақтөбе қаласының тұрғыны Айсұлу Башанаева жаңа орталықтың лентасын кесті.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button