Денсаулық

Медициналық жарнаны шешіп алуға бола ма?

Редакцияға қала тұрғынының бірі «Медициналық көмекке жүгінбесем, жарналарды шешіп алуға болама?» деген сұрақпен хабарласты. Бұған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ақтөбе облыстық филиалы директор орынбасары Рузия Айдашева жауап берді.

— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру — жинақтаушы жүйе емес, баршаға ортақ жүйе. Қазақстандық модель пациентке денсаулық жағдайы бойынша талап етілетін емнің көлемі мен құнын шектемеу үшін әлеуметтік бағдарланған түрде құрылды.

Мысалмен түсіндірсек,  бір жыл ішінде мүмкін болатын ең жоғары жарнамен 1 адам тек 168 мың теңге, яғни айына 14 000 теңгеден  жинайды. Бұл қаражат дербес шотта жиналып, пациент оларды өз қалауы бойынша емделу үшін пайдалана алады деп есептейік. Бірақ  бұл сомаға ол шектеулі мөлшерде ғана ем ала алады. Ал  стандартты сынақтар жиынтығы, гормондарды,   инфекциялардытексеру үшін ондаған мың теңге қажет. Егер ультрадыбыстық, кардиограмма, КТ/МРТ және басқа аспаптық диагностика қажет болса ше? Яғни бір жыл ішінде жинақталған жарналар диагноз қою үшін толық тексеруден өтуге де жеткіліксіз болуы мүмкін. Сонымен қатар  күндізгі стационарға бару немесе тәулік бойы ауруханаға жату қажет болуы мүмкін.

Егер ота жасалатын болса,  олардың құны бірнеше миллион теңгеге жетуі мүмкін, онда пациент жай ғана медициналық көмексіз қалады. Жиналған қаражат емделуге кететін шығынды жабуға жетпейді. Сондықтан бұл тәсіл пациенттің өзіне тиімсіз.

Сондықтан МӘМС жүйесінің отандық моделінде барлық қаражат Ұлттық банктегі бірыңғай арнайы шотқа түседі. Ал сол жерден қаражат төлеушінің санатына және төлеген жарналардың мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған азаматтарға МӘМС бойынша көрсетілген медициналық көмек үшін төленеді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button