Құрметті ардагерлер,аға буын өкілдері!
Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.
Жастық шағын, қажырлы қайратын еліміздің гүлденуі мен өркендеп,дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету біздің басты борышымыз.
Қариялар—халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре, кемел тарихымыз. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген жақсы тағылым бар. Сондықтан біз қай кезде болсын ардагерлерімізді ардақ тұтамыз, оларды қамқорлыққа алуды өзіміздің перзенттік парызымыз деп білеміз.
Облыстық ардагерер кеңесі сіздерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт тілейді.
Ізгі құрметпен,
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.ШАҢҒҰТОВ.