Балаларға базарлық
Акция
Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының және Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қуаныш әлемі» атты қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шара «Family park» ойын-сауық орталығында болды.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өткізілген акцияға Ақтөбе қалалық №40 орта мектебінің 20-ға жуық оқушысы қатысты. Ассамблея жастарыертегі кейіпкерінің бейнесіндеоқушылардың көңіл күйін көтеретін түрлі ойындар өткізді.
—Қайырымдылық акциясының мақсаты — әлеуметтік жағдайы төмен балаларға қолдау көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлау.
Аналар кеңесі мүшелерімен бірлесе қала мектептеріндегіата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасының балаларын алдын ала анықтап, тізім жасадық.Бүгін сол балалардың алғашқы легі келді. Бәрі де тегін. Бір адам жаққан отқа көп адам жылынады. Сондықтан алдағы уақытта қаланың басқа да мектептеріндегі оқушыларды қамту жоспарымызда бар, — деді «Қоғамдық келісім» бөлімінің басшысы Марғұлан Нұрмағамбетов.
«Аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну — әр адамның азаматтық парызы», — дейді ұйымдастырушылар.
Акция аясында балалар арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталғанән, флешмоб сайыстары ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды. Кеш соңы мерекелік дастарқанмен жалғасты.
А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ