Денсаулық

Екпе салу науқаны басталды

Брифинг

Елімізде қыркүйек айынан бастап қыз балаларға арналған адам папилломасы вирусына қарсы екпе жұмыстары басталды. Облыста биыл 11 жастағы 8 мыңға жуық қыз балаға жатыр мойны обырына қарсы екпе салынады.

Екпені салу кезең-кезеңмен жүзеге асады. Мамандар екпенің адам өміріне ешқандай қаупі жоқ екенін айтты.Адам папиллома вирусына қарсы вакцина Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілген.

—  Екпе алу арқылы көптеген аурулардан қорғануға болады. Көкжөтел,сіреспе,өкпе құрты ауруынан, В гипотетінен,паразит және тағы да басқа аурулардан қорғайтын екпе жұмыстары жүргізіледі. Екпе салу үшін мектептердің арнайы медициналық алғашқы көмек көрсететін кабинетіне немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген ауруханаға барып алса болады, — деді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Ұлмекен Мелден.

Сала мамандарының айтуынша, 2024-2025 жылдары коронавирус дерті мен жедел респираторлық инфекциялардың өршіп кету қаупі байқалады. Бас санитар дәрігер қауіптің алдын алу мақсатында емдеу мекемелеріндегі барлық қызметкерлерді медициналық маска тағуды міндеттеді. Алдын алу іс-шаралары мақсатында тұмауға қарсы вакциналау науқаны 15 қыркүйектен басталады.

—Облыс бойынша бірінші қыркүйекке дейін түрлі ауру белгілерімен есепте тұрған адамдардың тізімі бекітілді. Соның нәтижесінде 109 400 адам ақысыз түрде вакцинаны алатын болады. Оның ішінде есепте тұрған науқастардан бөлек, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қарттар үйінің қариялары, ІІ-ІІІ триместр кезеңіндегі жүкті әйелдер алады, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ақзер Сүлейменова.

Айта кетейік, елімізде жыл басынан бері 1290 адам коронавирус індетіне шалдыққан. Осы орайда дәрігерлер тұрғындарға алдын алу шараларын ескертіп, сақ болуға шақырады. Науқас адамдармен байланысты сиретіп, вирус белгілері байқалса, бірден дәрігерге көрінген дұрыс.

Айдана НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button