Мәдениет

Талапкерлер табысы

Өткен жұмада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай талапкер ақындар арасында ұйымдастырылған поэзия байқауы қорытындыланды.

Шара қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен,  «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті. Жас талапкерлер шығармашылығын қолдау, үздік өлеңдерді іріктеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға қаламыздағы жоғары және арнаулы оқу орындарынан отыздан аса студент қатысты. Жастар жырларының дені ел тәуелсіздігіне, Желтоқсан оқиғасына арналған.

Жас талапкерлерді  қолдау мақсатында ұйымдастырылған шара әлі де жалғасын табады. Мақсатымыз — жастардың еңбегін жұртшылыққа көрсету, — дейді  «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Ербол Шыма.

Іріктеу және мәнерлеп оқу шарттарынан құралған байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты филология факультетінің 1-курс студенті Нұрсұлтан Қожабеков иеленді. Ал 2-орын М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенті Нұрлан Зекешовке берілсе, 3-орынға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенті Сырым Сәтімов лайық деп танылды. Шараға қатысушы жастардың барлығына Алғыс хаттар табыс етіліп, жүлделі орынды иеленгендерге бағалы сыйлықтар берілді.

 

Айгүл ЖҰБАНЫШ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button