Денсаулық

Дәрігерлік амбулатория мемлекет меншігіне өтті

Темір ауданы Шұбарши кентінде алты  жылдан бері көтерілген мәселе  шешімін тапты.

2018 жылы медициналық нысанды салған мердігер ғимаратты жекеге айналдырмақшы болған. Осыдан екі ай бұрын тұрғындар мәселені облыстық  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиевке жеткізді.

Ауыл халқының бұл шағымы шілде айында облыстық мәслихатта арнайы қаралып, депутаттар амбулаторияны сатып алуға оң шешім  шығарған. Сөйтіп, облыс бюджетінен Шұбарши дәрігерлік амбулаториясын сатып алуға 92,3 миллион теңге  бөлінді.

Шұбарши дәрігерлік амбулаториясы күніне 50 адамды қабылдауға арналған. Күндізгі стационарда 10 кереует бар. Ауыл халқына 5 дәрігер, 14 медбике медициналық қызмет көрсетеді.

Ауылға сапар барысында Нұрбол Тымпиев Шұбаршидегі әріптестерімен жүздесіп, жақында өткізілген жөндеу жұмыстарын көрді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button