Мәдениет

Инабаттылық дәрісі

Жуырда Темір ауданы Шұбарши селолық кітапханасында «Имандылық — инабаттылық» атты кітап көрмесі өтті.

Көрмеге қойылған діни кітаптар облыстық мәдениет басқармасы бөлген қаржыға сатып алынды. Шарада  Шұбарши кенті аймағының  әкімі Қ. Шалманов  ауыл жұртшылығын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға тоқталды. Ал «Ақ мешіт» мешітінің имамы Нұрмұхаммед Бижанов жиналғандарға ислам діні туралы әңгімелеп берді. Шұбарши мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Г. Ережепова дінтану сабағына бұндай кітаптардың өте қажет екенін, енді балалар бұрынғыдай кітап тапшылығынан қиналмайтынын жеткізді.

Шараның соңында қонақтар көрмеге қойылған кітаптармен танысты.

 

Т. ҚАЗБЕКОВА, кітапханашы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button