Білім

Дуальды оқыту жүйесі — заман талабы

Егеменді еліміздің білім беру саласындамытуда үлкен жұмыстар атқарылып, маңызды мақсаттар мен міндеттер алға қойылды. Соның бірі —дуальды оқыту әдісінің енгізілуі. Облыстық білім басқармасының 2016 жылғы қыркүйектегі №789 бұйрығына сәйкес Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде дуальды білім беру элементтері енгізілді.

Дуальды оқыту жүйесінің басты мақсаты —бәсекеге қабілетті маман даярлау. Дуальды білім беру жүйесінің жетістігі көп.Біріншіден, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады. Себебі оқу орны мен өндірістің арасында тығыз байланыс болғандықтан жақсы оқыған түлекті жұмыс беруші жұмысқа алып қалуы мүмкін.Екіншіден, болашақ маман психологиялық жағынан  жаңа ортаға бейімделген  дайын маман болады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Үшіншіден, «Тәжірибеден теорияға» қағидасын берік ұстанған студент оқи жүріп, өндірістен көп нәрсені үйреніп, кәсіби шыңдалады. Төртіншіден, өндірістегі әдістемелік жаңалықтарды біліп, заман талаптарына сай технологияны меңгереді.

Колледжде дуальды оқыту жүйесі элеметтерін енгізудің мақсаттары — техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін жасап, жұмыс беруші талабына сай оқу жоспары және оқу бағдарламаларын жасау, сондай-ақ оқу орнының оқу-материалдық базасын заман талабына сай жаңа техникалық, технологиялық лабороториялық жабдықтармен қамту, студенттерді өндірістетағылымдамадан өткізу.

Ал әлеуметтік серіктестік мақсаты — оқу орнына қандай және қанша маман керегі жөнінде ақпарат беру, оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналастыру мүмкіндігін арттыру.

Білім алушыміндеті — теориялық білім мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жойып, кәсіби құзыретке негізделген білім алу, колледж бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу.

Рабиға ШАНҒАЛАЕВА,

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button