Жаңалықтар

Бюджет қаржысы сараланды

Сессия

Облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның төрағалығымен өткен кезектен тыс он алтыншы сессияда мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды.

Сессия отырысына облыс әкімі Асхат Шахаров, қала әкімі Азамат Бекет, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында алдымен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Ерғалиева баяндама жасады.

Оның айтуынша, алдағы екі жылға бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдері негізінде 15,4 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр. Оның 2,2 млрд теңгесі — құрылыс, 275 млн теңгесі — энергетика, 2 млрд теңгесі —автомобиль жолдары, 906 млн теңгесі — білім, 730 млн теңгесі — денсаулық сақтау, 747 млн теңгесі — жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, 412 млн теңгесі — мәдениет, 633 млн теңгесі — спорт, 2 млрд теңгесі — ауыл шаруашылығы, 856 млн теңгесі — кәсіпкерлік,30 млн теңгесі — ветеринария басқармасына, сондай-ақ 526 млнтеңге — полиция департаментіне, 153 млн теңге әкім аппаратына бөлінетін болады.

Отырыста сондай-ақ облыстық мәслихаттың «Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы», «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы», Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі депутаттық тобын тіркеу туралы мәселелер қаралды.

Жиында облыстық мәслихат депутаттары Серік Әліпов, Марат Қойлыбаев, Наурызбек

Сарбасовтардепутаттықсауалдарын қойып, өз ұсыныстарын айтты.

Сессияны қорытындылаған облыс әкімі биыл өңірімізде болған су тасқынына қарамастан, көптеген жобалар сәтті жүзеге асырылғанын, алдағы уақытта елді мекендерді ауызсумен, газбен қамту жұмыстары жалғасатынын, сондай-ақ облыс бойынша инфрақұрылым мәселесі шешілетінін жеткізді.

Өздеріңізге белгілі, биыл облыста даму бюджеті қысқартылған жоқ. Көктемгі су тасқынына байланысты бюджет қаржысын, әкімдіктің резервін жұмсауға мәжбүр болдық.Қиын жағдай болса да, көп жұмыс атқарылды. Зардап шеккендердің бәріне өтемақытөленді. Қазіргі таңда өңірімізде инфрақұрылым мәселесі өзекті болып тұр. Оны да рет-ретімен шешіп келеміз. Биыл үш ауданда мектеп салынып жатыр, олар жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі. Жалпы, шалғай жатқан ауылдарға инфрақұрылым тарту, оны игеру, даланы малға толтыру, басқа да мәселелерді алдағы уақытта жан-жақты қарастыруымыз керек. Ауылдардағы ата кәсіппен айналысатын азаматтарымызға қолдау көрсетуіміз керек. Қорыта айтқанда, бүгінде облыстакүрделі мәселе жоқ, бәрі де рет-ретімен шешімін табуда. Сондықтан сіздерге осыған дейін атқарылған жұмыстарға атсалысып, белсенділік көрсеткендеріңізге алғысымды білдіремін, — деді Асхат Шахаров.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button