Мереке

Ақтөбеде Мемлекеттік ту көтерілді

Бүгін, 25 қазан – Республика күні.  Ұлттық мереке облыс көлемінде аталып өтуде.

Айтулы күнде Ақтөбедегі Тутұғыр алаңында мерекелік шара ұйымдастырылды. Ту көтеру салтанатты рәсіміне өңір басшысы Асхат Шахаров, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының сарбаздары, құқыққорғау органдарының қызметкерлері, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Қатысушылар Мемлекеттік әнұранды шырқаған сәтте көк байрағымыз салтанатты түрде көтерілді.

Шара соңында ақтөбелік әнші Ұ.Досмұратов «Қазақстан өз елім» әнін, Ғ.Жұбанова атындағы Қазақ камералық хорының әртістері «Атамекен» әнін орындады.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button