Басты жаңалықтарМереке

Мерекеге тарту

Кеше Өнер орталығында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, өнер адамдары, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері қатысты. 

Сахнаға алдымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы әкелініп, Әнұран шырқалды.

Бұдан кейін облыс әкімі жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

— Сіздерді ұлық мерекеміз — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өздеріңізге белгілі, 1990 жылы 25 қазанда қабылданған декларацияда еліміздің егемендігі жарияланды. Мемлекетіміз үшін маңызы зор бұл тарихи құжатта Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері рәсімделді.

БіздіңРеспубликамызталайсәттердібасынанөткерді. Қандай сынақта да еліміз бірлігінен айырылған жоқ. Ендеше, ата-бабамыздан бізге мұра болып жеткен сол игіліктерді сақтап, келер ұрпаққа жеткізу — біздің парызымыз.

Мереке қарсаңында осы игілікті жолда әр өңірде еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында ақтөбеліктер де бар. Сондықтан жерлестерімізді осы мәртебелі марапаттарымен құттықтай отырып, баршаңызға амандық, дендеріңізге денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Мереке құтты болсын! — деді Асхат Шахаров.

Іс-шарада Тарлан колледжінің оқушылары мен «Аққу» би ансамблі көрерменге «Бабалар жолымен — болашаққа» атты прологын ұсынды.

Кеш барысында  Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншілері, Тарлан колледжінің оқушылары, қазақ камералық хор ұжымы, Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттарының «Домбырашылар» ансамблі,«Тамсан» және «СақТау»триолары өнер көрсетіп, жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар жас әнші,«Қазақстан дауысы 2021» жобасының финалисі Рахман Сатиев, республикалық конкурстардың лауреаттары — Ғазиза Əбдірова, Мəншүк Мұқанова, Ақбота Қоянбайқызы, Мейірбек Тәжіғұлов, Әкімжан Шәкіров, Аманжол Өтемұратов, Оразғали Сағитжанұлы, т.б. патриоттық әндер мен Шəмші əндерінен попурри орындады.

Іс-шараны әнші Оразғали Сағитжанұлы «Атамекен» әнімен аяқтады.

 Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button