Басты жаңалықтарМереке

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді ұлттық мерекеміз — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1990 жылы 25 қазанда қабылданған декларацияда Қазақстанның Егемендігі туралы жарияланып, Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізі қалыптасты.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей: «Республика күні — халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.

Біз бабалар аманатына адал боламыз. Ел бірлігін әрдайым нығайта береміз. Егемендігімізді қадір тұтып, көздің қарашығындай сақтаймыз».

Бұл ұлттық мерекеміз еліміз үшін біздің мақтаныш сезімімізді тудырады, жетістіктеріміз бен алған асуларымыздың мәртебесін биіктете түседі.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін, экономикасы мен халықаралық беделін одан әрі нығайтып, сенімді түрде алға жылжып келеді. Бұл ілгерілеулерде Ақтөбе облысының да лайықты үлесі бар.

Отанымыздың толағай табыстары негізінде өңіріміздегі әрбір тұрғынның тынымсыз еңбегі, бірлігі мен патриотизмі кірпіш болып қаланған деуге болады.

Қадірлі жерлестер!

 Республика күні мерекесі бізді жаңа биіктерге жігерлендіріп, ел игілігі жолындағы жасампаздық жеңістеріміз бен ұмтылыстарымызға серпін берсін!

Сіздерге бейбітшілік, жақсылықтар мен қуаныштар, мықты денсаулық, табыстар тілеймін!

Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы гүлденіп, өсіп-өркендей берсін!

Асхат ШАХАРОВ,

Ақтөбе облысының әкімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button