Су тасқыны

Темір ауданында 17 отбасы баспаналы болды

Баспанаға қол жеткізгендердің барлығы Құмсай ауылының тұрғындары.

Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев көктемгі су тасқыны кезінде тұрғын үйлері жарамсыз деп танылған тұрғындарға жаңа баспана кілтін табыстау рәсіміне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Аталған іс-шара Шұбарши ауылындағы орталық алаңда өтті.

Темір ауданы Саркөл ауылдық округіне қарасты Құмсай елді мекенінде су тасқынынан зардап шеккен 17 отбасы  өз қалауларымен Кеңқияқ, Шұбарши және Шұбарқұдық ауылдарынан жаңа тұрғын үй алуға ниет білдерген еді.                                                                                                                                                                                                 Аудан әкімі биылғы тасқын кезінде су мөлшерінің ерекше көп болғандығын атап өтіп, оның салдарын жоюға бағытталған іс-шараларға белсене атсалысқан азаматтарға құрмет көрсетіп, шыдамдылық танытқан  құмсайлықтарға ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ бір топ азаматқа  облыс әкімінің Алғыс хаттарын және «Ел алғысы» төсбелгісін табыстады.

Іс-шара соңында жаңа баспана  иелерінің құрметіне өнерпаздар концерт қойды.

А.АЙБЕК,

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button