Тәрбие және ұлттық құндылықтар
Мектеп
Ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Әр халықтың тәлім-тәрбиесі — ұлттық құндылықтың маңызды белгісі.
Оқушының бойындағы сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, инабаттылық, қайырымдылық, шешендік, шығармашылық сияқты қасиеттер ұлттық құндылықтармен бірге қалыптасатыны белгілі.
Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы ұлттық дәстүрлерімізді меңгеруімен байланысты. Осы орайда білім берудің негізгі басты мақсаты — білім алумен бірге, біліктілік дағдыларына қол жеткізе отырып, заман талабына сай ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан, өз Отанының партиоты, жан-жақты дамыған, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға беретін, функционалдық сауаттылығы қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыру.
Мектептегі білім мен тәрбие жұмысын ұлттық ерекшеліктерге негіздеп, мазмұнына халықтық ұғымдар енгізу — уақыт күттірмейтін мәселе. Ұлттық ерекшеліктер ұғымын жалаң тұрғыда емес, әр пәннің мазмұнына үйлесімділікпен енгізе білуіміз керек. Ұрпақ ата-бабадан жеткен асыл мұраларымызды саналы қабылдап, бойына дарыту үшін, ең алдымен, өз халқының болмыс ерекшеліктері, тыныс-тіршілігінен мол мағлұмат алуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің ең басты жолы ұлттық қадір-қасиетті ана тілімізді дәріптеу екенін ұмытпайық.
Меруерт ӘЛИЕВА,
№78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясыфизика пәнінің мұғалімі.
Ақтөбе қаласы.