Білім

Физика және астрономия оқулықтарын біріктірудің тиімділігі

Мектеп

Кез келген халықтың рухани ұлттық байлығының сарқылмас қайнар көзінің бірі —сапалы оқулықтары. 1996 жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің«Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу мен басып шығарудың мақсатты бағдарламасы туралы» қаулысы қабылданды. Бұған себеп — қазақ тіліндегі оқулықтар орыс тілінен аударылып, ұлттық ерекшеліктердің және аудармалардың балама сөздерінің мағынасының ескерілмеуінде еді. Бұл жағдайдан шығу үшін оқулық сапасына теориялық сараптама жасау керектігін уақыт көрсетті.

Сынақ оқулықтарын сараптамадан өткізу мәселесін шешу үшін 2001 жылы

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының құрылымында оқулықтардың сараптама орталығы құрылды.

Сынақ оқулығына қойылатын талаптар, яғни теориялық әдістемелік талдау 6 бағытта жүргізілді: оқулықтың құрылымы, мазмұны, оқу материалдарын меңгеруді ұйымдастыру, көрнекіліктермен қамтамасыз етілу және бағдарлау.

Оқулықты өңдеу кезінде физика жене астрономия оқулықтары біріктіріліп, қайта жазылды. Бұл оқулықтың құрылымы, мазмұны, берілетін ақпараты, меңгеруді ұйымдастыруы, көрнекілік материалдары және бағдарлауы жағынан оқулыққа қойылатын талаптарды толығымен қанағаттандырады деп айта аламыз.

Бүгінде астрономия мен физика пәндері біріктіріліп 7-сыныптан бастап оқытылады. Өйткені бұл пәнді тек 11-сыныпта ғана оқыту жеткіліксіз.

Физика және астрономия пәні оқушының материалды толық меңгеруіне жағдай жасайды. «Жарық құбылыстары» тарауын оқытуда физикалық ұғымдарды астрономиялық бақылаулар толықтырады. Оқушының материалды меңгеріп кетуіне мүмкіндік мол.

Оқулықта астрономия мен физиканың нақтылығы мен жүйелілігін және жетістігін көрсетуге арналған  қарапайым формулалалар мен есептер келтірілген. Сондықтан «Назар зудар», «Есіңде сақта» айдарларымен түрлі анықтамалар берілген. Оқушылар жаңа материалды оқып үйрену барысында өткен тақырыптарды пысықтауға көмектесетін мәліметтерді немесе «Есіңе саламыз» айдарымен берілген анықтамалық материалдарды пайдалана алады. 11-сыныптағы физика оқулығында төменгі сыныптарда оқып кеткен механика, механикалық және электромагниттік тербелістермен толқындар, толқынды оптика, атомдық және ядролық физика бөлімдері тереңірек қарастырылған. Салыстырмалылық теориясы, элементар бөлшектер физикасы, жұлдыздар және күн, планеталар, әлем және оның эволюциясы секілді бөлімдер бар.

Астрономия мен физика ғылымы қарыштап дамыған заманда аталған пәндерді оқытуды төменгі сыныптан бастаған тиімді.

Жанар ҚҰРМАЛАҚОВА,

№78 мектеп-гимназияның физика пәні мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button