Білім

Ұстазға құрмет

Мектеп

«Қалдырған ізің мәңгілік». Ақтөбе қаласындағы №69 мектепте ұлағатты ұстаз Нағым Батенованың 60 жасқа толған мерейтойына арналған шығармашылық кеш осылай аталды.

3-сынып оқушыларының қошеметімен мәжіліс залына енген ұстаз жанарына қуаныштан жас үйірілді. Алғашқы еңбек жолы басталған Хромтау ауданындағы Тасөткел ауылдық Мәдениет үйі мен Тасөткел орта мектебінің ұжымынан жеткен бейнеқұттықтаумен басталған кеш ұстаздың жолын саралауға, даралауға бағытталды.

Жиын барысында сөз алған қалалық білім бөліміне қарасты «Әдістемелік кабинет» мекемесінің әдіскері З.Бекниязова тілегін білдіріп, ықылас гүлдерін табыстады.

Нағым Шаймарданқызы 1987 жылдан бастап өзі туған мекенде мектепалды даярлық тобының мұғалімі ретінде жұмыс істеп, 1990 жылы Ақтөбе қаласындағы Жаңақоныс елді мекеніне қоныс аударады. Бұрынғы Новый орта мектебінде, қазіргі Сәтбаев атындағы мектеп-лицейде мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі, бастауышсынып мұғалімі қызметін атқарды. Мектептегі бастауыш сынып оқушыларын алғаш қазақ тілінде оқытқан ұстаз ретінде білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін дамытуға үлес қосқаны үшін халықтың алғысына, шәкірттерінің ықыласына бөленген ұстаз тұлғасы туралы Нағым Шаймарданқызымен әр жылдары әріптес болған Сәтбаев мектеп-лицейінің, №58 және  №77 мектептердің мұғалімдері М.Әбдіғалиева, А.Қожабекова, Б.Жаппарова, ата-аналар атынан Ә.Ахатова, шәкірттері Б.Тайкарова, Ә.Хамидулина, Ш.Тыныштықтар сөз сөйлеп, жылы лебіз білдірді.Іс-шара барысында Нағым Шаймарданқызына мектеп директоры А.Абжалелова да ақ тілегін арнады, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Сарсепбаева мерейтойлық сый ұсынды. Кешке жан-жақтан келген мұғалімнің бауырлары мектеп ұжымына алғыс білдірді.

Гүлжайнар АЛАШБАЕВА,

№69 орта мектеп директорының орынбасары. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button