Білім

Педагогикалық идеялар панорамасы

Брифинг

Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен  «Педагогикалық идеялар панорамасы — 2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсы аясында «Педагогикалық идеялар панорамасы — кәсіби даму мүмкіндігі» тақырыбында брифинг өткізілді.

Ақтөбе-Өрлеу орталығы облыс педагогтерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Брифинг онлайн және офлайн форматында да жүргізілді. Брифингке әдіскерлер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, мектеп және  мектепке дейінгі ұйымдардың, қосымша білім беру орталықтарының мұғалімдері мен тәрбиешілері қатысты. Жиында «Педагогикалық идеялар панорамасының 2018-2023 жылдар аралығында республикалық кезеңінен орын алып, Оқу-ағарту министрінің қолынан түрлі дәрежеде дипломмен марапатталған обылысымызға мақтаулы педагогтер — облыстық физика-математика мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Ақерке Жолмағанбет, арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының мұғалімдері Гүлмира  Төлебаева мен Перуза Саликина, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары Ғалымжан Ізімов пен КөркемайДауылбаева, Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияның тарих пәні мұғалімдері Индира Хайруллина мен Гүлстан Тағыбергенова, сондай-ақ «Ақбөбек» халықаралық мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Салтанат Хасеновалармен кездесу болды.

Жиынға қатысқан 200-ге тарта педагогке аталған конкурстың мақсаты мен міндеті түсіндіріліп, байқау ережесіне қатысты жан-жақты ақпарат берілді. Жеңімпаз мұғалімдер өз жетістіктерімен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.

Гүлзада ЖҰМАҒАЗИНА,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы

Ақтөбе облысы бойынша педагог кадрлардың

біліктілігін арттыру институты кафедрасыныңаға әдіскері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button