Пікір

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру — бәрімізге міндет

Ізгілік ТЫНЫМГЕРЕЕВ,

Қобда ауданының әкімі.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық еліміздің дамуына, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатына кері әсерін тизізетін негізгі проблемалардың бірі болып қалып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия қабылданғаннан бері ауданымызда сыбайлас жемқорлықты мейлінше азайту бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асты. Бұл ауқымдағы маңызды факторлардың бірі — бизнес-процестерді автоматтандыру. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді алуда қолайлылық жасауға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тікелей байланысқа жол бермеуді көздейді.

Мемлекеттік сатып алу заңының аясында барлық дерлік мемлекеттік тапсырыс конкурстарын интернет порталы арқылы өткізу, мемлекеттік бос лауазымдарды, мемлекеттік мекемелер мен ұйым басшыларын тек конкурс арқылы тағайындау сынды заңнамалық өзгерістер ең өркениетті елдердің стандарттарына сәйкестендірілген ережелер болса, бұл жүйе Қобда ауданындағы барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда толықтай енгізілген.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілердің парақорлық фактілерімен және оған қарсы тұратын жаңа орган құрумен ғана шектелмейтінін түсіну керек. Қауіпті дертпен күресу мемлекет өмірінің түрлі салаларында түбегейлі шаралар мен өзгерістерді талап етеді. Осынау кереғар құбылысты жоюды ортақ міндет тұрғысында қарастырып, қоғамдық белсенділіктің артуына ықпал ету маңызды.

Отбасынан, мектептен сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаттарына баулудан бастап, тиімді заңнамалық базаны әзірлеу мен енгізуге дейінгі кезеңдер — сыбайлас жемқорлықтың азаюына әсер ететін шаралар.

Қобда ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссия отырысы 2024 жылдың І тоқсанында болып өтті. Комиссияда үш мәселе қаралып, жергілікті халықты толғандырған ең өзекті жайлар жан-жақтыталқыланды. Аудан бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың алдыналуға бағытталған тақырыптарда 8 баннер ілініп, аудан тұрғындарына 500-ге жуық жадынамалар мен инфографикалар таратылды. Аудандық«Қобда» газетінетөрт мақала жарияланды. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықтың алдын алуғажәне болдырмауға бағытталған шаралар жалғаса бермек.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button