Денсаулық

Басты мақсат — АИТВ инфекциясының таралуын тежеу

Әлемнің көптеген елдерінде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Бұл күн күнтізбеде осыдан 41 жыл бұрын, яғни 1983 жылы белгіленген.

АИТВ-инфекциясының таралуына қарсы күрес ЮНЭЙДС 95-95-95 стратегиясы аясында жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттың мақсаты — 2030 жылға дейін АИТВ-ныңтоқталуына қол жеткізу.

Бүгінде Ақтөбе облысында АИТВ жұқтырғандардың 81 пайызы өз мәртебесі туралы біледі. Бұл дертті жұқтырғандардың 89 пайызы антиретровирустық терапияны қабылдайды. АИТВ-мен өмір сүретіндердің 91 пайызының вирустық жүктемесі төмен. Бұл туралы ЖИТС орталығының бас дәрігері Айгүл Дүйсенбаева айтты.

— Жыл сайын АИТВ-ға тексерістен өткендердіңсаны артып келеді. Биылғы бірінші тоқсанда84450 адам зертханалық тестілеуден өтсе, 643-іжедел тестілеуден өткен. Қазіргі уақытта жүкті әйелдердің жыныстық серіктестері, яғни ерлі-зайыптының екеуі де тексеріледі. АИТВ инфекциясын дер кезінде анықтау жүкті әйелден балаға берілудің алдын алуға көмектеседі, — дейді облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Айгүл Дүйсенбаева.

Бас дәрігердің айтуынша, АИТВ-ға зертханалық тексеру тұрғындарға тегін жүргізіледі. ИФТ әдісі бойынша (веналық қан) АИТВ-ға тестілеуді тегін тапсыру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен тіркелген жеріңіздегі емханаға немесе Ақтөбе қаласындағы Жамбыл көшесіндегі №4 мекенжайда орналасқанЖИТС орталығына жүгіну қажет.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button