Денсаулық

Жаңа скрининг енгізіледі

Елімізде 18 жастан асқан адамдарды В және С гепатиті бойынша скринингтен өткізу қарастырылып жатыр. Мақсат — вирустық гепатитпен сырқаттанушылықты төмендету.

Бұл мәселені Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова CDAF ауруларды талдау қорының директоры, доктор Хоми Разавимен кездесу барысында талқылады.

ДДҰ-ның 2030 жылға дейінгі вирустық гепатиттерді жою бағдарламасының негізгі және маңызды мақсаттарының бірі —  уақытында диагностика жасау.

В және С вирустық гепатиттерінің белгісі бірден байқалмайды.  Көп жағдайда  цирроз немесе бауыр обырына шалдыққан кезде барып, бір біледі. Ал аталған инфекция жұқтырған жағдайда адам мүгедек болып қалуы да мүмкін. Сондықтан инфекция тасымалдаушыларды  ерте сатысында анықтауды және емдеуді қамтамасыз ету маңызды. Өйткені олар — вирустық гепатит көзі.

Пилоттық бағдарламаның нәтижелері бойынша Қазақстанда 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С вирустық гепатиттерін анықтауға арналған жалпы скринингті бастау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің электронды порталында жарияланды.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button