Денсаулық

Дәлелді медицинаның өзекті аспектілері

Конференция

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің дәлелді медицина және ғылыми менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен «Дәлелді медицина және АПВ-ға қарсы вакцинацияның өзекті аспектілері: ғылыми деректер және тәжірибе» атты онлайн форматта халықаралық конференция өтті.

Конференция мақсаты — әйелдер мен өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтап және нығайту. Сондай-ақ адам папиломасы вирусы және оған қарсы вакцинация мәселелерін шешудің өзект іаспектілері, ықтимал жолдарын анықтап, белгілеу.

Іс-шара барысында ректор міндетін атқарушы Талғар Әбілов өткізіліп отырған конференцияның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар тікелей эфир арқылы алыс-жақын шетелдерден жетекші ғалымдар, сарапшылар, дәрігерлер, денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылары қосылып, АПВ-ға қатысты мазмұнды баяндамалар жасап, ой-пікірлерін ортаға салды, ұсыныстарын білдірді.

Конференция соңында айтылған ақпараттар, ой-пікірлер мен сұрақтар бойынша қарар қабылданды.

Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Баспасөз қызметінің жетекшісі. 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button