Жаңалықтар

Ауыл әкімдері редакциямызға келді

Баспасөз

«Ақтөбе Медиа» ЖШС-ның баспасөз клубында ауыл әкімдерімен кездесу өтті.

Кездесуге «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин, директордың орынбасары Айгүл Нұркеева, облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Сәтжан Дәрібай қатысты.

Кездесу облыстық «Ақтөбе» газетінің 100 жылдығы аясында түсірілген бейнероликпен басталды. Іс-шара тізгінін ұстаған «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин:

— Былтыр облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығын атап өттік. Ғасыр жасаған газетіміздің тарихы терең. Бізде соғысқа дейінгі газет тігінділері сақтаулы. Киелі шаңырақта қазақ әдебиетінің мықты қаламгерлері жұмыс істеді. Бүгінде облыстық «Ақтөбе» газетінің таралымы 15 мың данадан, ал «Актюбинский вестник» газетінің таралымы 5 мың данадан асты. Бұл еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда,жақсы көрсеткіш.

Газеттің негізгі оқырманы ауылда екенін естен шығармаймыз. Баспасөз — билік пен бұқара арасындағы алтын көпір. Сондықтан алдағы уақытта да тізе қосып жұмыс істейміз деп ойлаймыз, — деді. Сондай-ақ Раукен Отыншин газет тарылымы жоғары бірнеше ауыл әкіміне Алғыс хат табыстады.

Кездесу барысында «Масс-медиа» туралы заң, әлеуметтік желілер туралы да айтылды. Осы тұста Қарғалы ауданы Әлімбет ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Мысаевәлеуметтік желілердегі жазбалардың көп болса үш-ақ күн таралып, қаралатынын, ал газет сөзітасқа басылған тарих екенін атап айтты. Ембі қаласының әкімі Мұсағали Райымбек кездесудің мәнді де мағыналы өткенін айтып,редакция ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Өз тілшімізден.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button