Білім

Соңғы қоңырау сыңғыры

Түлек

«Мектебім, саған мың алғыс!». 25 мамырда облыстағы білім шаңырақтарында осындай тақырыпта іс-шара өтті. Бұл күні 9236 түлекке арналып соңғы қоңырау соғылды.

Ақтөбе қаласындағы №78 мектеп-гимназияда ұйымдастырылған соңғы қоңырау рәсіміне облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ләззат Оразбаева қатысты. Ол мектеп оқушылары мен ұстаздарын облыс әкімі атынан құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ыстық лебіз, ақ тілегін жеткізді.

Салтанатты іс-шарада мемлекеттік Әнұран орындалып, оқушылар ұстаздары мен мектепке ән-жыр арнады.

Соңғы қоңырауды мектептің «Алтын белгіге» үміткерлері соқты. Олардың арасында Дастан мен Дархан есімді егіздер және жусаннан эфир майы мен парфюм ойлап тапқан Элла Бекова да бар.Биыл №78 мектеп-гимназияны 109 түлек аяқтайды. Оның ішінде 13 оқушы — «Алтын белгі», 10 оқушы —  үздік аттестатқа үміткер.

Айта кету керек, өңірдегі 429 мектепте 179 892 оқушы білім алып жатыр. Оның ішінде 9-сыныпты бітіретін оқушылардың саны — 15 282. 1423 оқушы (9,3 пайыз) — негізгі орта білім туралы үздік аттестатқа үміткер. 11-сыныпта оқитын 681 бала (7,4 пайыз) — орта білім туралы үздік аттестатқа үміткер. «Алтын белгі» аттестатына үміткерлердің саны — 490 түлек (5,3 пайыз).

«Ақтөбе-ақпарат».

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button