Әдебиет

Есенбай ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ

Есенбай Дүйсенбайұлы 1940 жылы 16 мамырда Байғанин ауданының Қалдайбек ауылында дүниеге келген. 1963 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Жарқамыс орта мектебінде мұғалімдіктен бастаған. Одан кейін Темір және Байғанин аудандық газеттерінде, облыстық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Ақтөбе») газетінде еңбек етті. 1978 жылдан бастап «Жазушы», «Жалын», «Ана тілі», «Раритет», «Білім» баспаларында еңбек етті. Өмірінің соңғы жылдарында «Жазушы» баспасында бас редактор болды.

Алғашқы жыр жинағы 1971 жылы «Бозалатаң мен Бозторғай» деген атпен жарық көрді. Одан кейін «Ақ пейіл», «Ұлаңғайыр», «Ашық аспан», «Ақжелкенді ағыстар», «Біздің толқын», т.б. кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ балаларға арналған бірнеше кітабы бар. Қожа Ахмет Яссауи хикметтерінің қазақша көркем аудармасы «Жалын» баспасынан, кейіннен Түркияда жеке кітап болып басылып шықты.

Ақын 2011 жылы өмірден өтті.

Мен ақын баласы едім Қалдайбектің…

Көрінді бұлттан қиық күн,

Көңіл де ояу, көз де ояу.

Сен барсыңбірақ, сүйіктім,

Бозторғайбояу, бозбояу.

 

Ерте де, кеш те төгіп жар,

Естіліптұрар ер даусың.

Сен жүргенжердеөмір бар,

Өмір бар жерде — сен барсың.

 

Ән-жырың тозбай, ой тозбай,

Толқып та толқып толғарсың.

Сен жүрген жерде —бозторғай,

Бозторғай барда сен барсың.

 

Өзіңсіз күндер озама,

Отырмын тағы ой толғай.

Таңымның аты — Бозала,

Торғайдың аты — Бозторғай.

 

Боз бояу тұр ғой көзге ұрып:

Даланың аты — Боздала,

Жігіттің аты — Бозжігіт,

Баланың аты — Бозбала.

 

Шулардан шаршап тозғанда

Жайлауға барсам өзім мен:

Жорғаның аты — Бозжорға,

Күйдің де аты — Бозінген.

 

Әрі асып бұлттан, ақыным,

Аспанда бір сәт көз жұмсаң,

Иіскеп отыратұғын

Дәрінің аты — Бозжусан.

 

Азамат кетсе бір асыл,

Боздағым деп те жатар кеп.

«Бозторғай құстың ұясы

Бозаңда болар» (Махамбет).

 

Беу, дүние, бұлар аз екен,

Болмаса қайран ақыр түк,

Қазаға қарсы қазекең

Бозқасқа шалар бақыртып.

 

Ерте де, кеш те игіүні

Естіліптұрар ой қозғай.

Бозбалакүнніңгимні —

Бозалатаң мен бозторғай!

 

Қыз ұзатқан үй

Тағдыр: «Туған үйіңнен

Табаныңды сыз», — депті.

Қызыл-жасыл киінген

Қызық кетті, қыз кетті.

 

Алды-артына қарамай,

Айдын көлден зытты құс.

Құлаққа ұрған танадай,

Тойдан кейін тып-тыныш.

 

Бозбалалар ерте-кеш

Есік бағып жүрмейді.

Ең аяғы ит екеш

Итке дейін үрмейді.

 

Ақиқатқа сыймас түк,

Қаралы деу бұл үйді.

Сонда да бір қимастық

Көкіректе ұлиды.

 

Ол бар кезде осы ара

Ағытылған тиегі —

Күнде думан босаға

Күмбірлеген күй еді.

 

Жұлдыз туса жыпырлап,

Жұрт ұйқыға кіретін.

Үй сыртында сықырлап,

Он сегіздер жүретін.

 

Той тарқаған шаңырақ,

Төңкеріліп тостысы…

Қараң қалды қаңырап,

Махаббаттың постысы.

 

***

Ой, мекен, ойхай, мекен, ойдай, мекен,

Мың келіп, қызығыңа тоймай кетем.

Алыста жүрген сайын адам, сірә,

Ауыл деп алаңдауын қоймайды екен.

 

Ол үшін әлі сәби балдырғанмын,

Мен сонда жорға дәурен салдырғанмын.

Борпылдақ құмдарында борбайлатып,

Құйғытқан бір құлыншақ қалдырғанмын.

 

Оу, шіркін, желекті Жем, қияқты құм,

Ат ізін аулақ салып ұяттымын.

Ең байтақ ел деген бұл елшілікте

Өзіңдік тұрақты өкіл сияқтымын.

 

Осынау ақ үміті үзілмеген

Кінәмшіл дүниенің жүзінде мен,

Саған сөз келтірмеуге,туған далам,

Саптағы жауынгердей түзуленем!

 

Күн батарда

Күнелткен шөп-шөңгемен, дәріменен

Қосылдық біз де топқа кәрі деген.

Зейнеткер жасымда да бейнеткер боп,

Шимайлап ақ қағазды әлі келем.

 

Апыр-ай, неткен мұнша сірі жанмын,

Тағы да өліп барып, тірі қалдым.

Үмітті үптеп,

Үрей көлеңкесі,

Кеудеге кетпестей боп кіріп алдың.

 

Зырлатып ғұмыр атты ұршық әнін,

Білмеймін, алда қанша күн шығарын.

Бүткіл аспан асты, жер үстінен

Бір жұтым ауа жетпей, тұншығамын.

 

Жатуға ұясына күн жайланып,

Батуға барады әнге ыңғайланып…

Мен кеше таң арайлы тал түс едім,

Түбінде кетерім хақ түнге айналып.

 

Ақ жаңбыр

(Тобық Жармағамбетов рухына)

 

Өмір деген өксігін бір қоя алмай,

Өтті жыршым, кетті қыршын жасында.

Жарқамыста жатыр ұйықтап оянбай,

Гүлдер жылап қабірінің басында.

 

Көк үйірімі көңілінің көп еді —

Табиғатқа тарту етер сый әні…

Күз желіне күміс моншақ төгеді

Кәрі Жемнің изені мен қияғы.

 

Жан дүниесі жас майсадай жұмсақ ұл,

Туған жердің ту көтерді ол атын.

Оның үшін осынау бір құм шағыл —

Ақындықтың  пайғамбары болатын.

 

Табиғаттың таңғажайып бау шағы

Тебірентпес тыныштыққа бөленді.

Ақтөбесін ақ нөсердің әуені

Әлдилесе, естімейді ол енді.

 

Өтті жыршым, кетті қыршын жасыңда,

Бұл өмірдің қызығына тоя алмай.

Гүлдер жылап қабірінің басында,

Жарқамыста жатыр ұйықтап оянбай.

 

Көшкеруен

Өмір деген өрт елі, гүлдер елі,

Түрленеді, бауырым, түрленеді.

Біреулердің мұңынан бұл тірлікте

Бағы жанып, біреулер күн көреді!

Опа күтпей осындай әр адамнан,

Ойға батсам — ойыным тарағаннан.

Бақытың да, сорың да жердежатса,

Не табамын аспанға қарағаннан?!

Аспан маған несібе асатама?

Жерде бәрі—гүл ме, әлде тас атама!

Басқа шығып басын бақ болғандарға

Жүрем кейде биіксіп қасақана.

Көз жасыңа бауыр да, күлкіңе өш

Көлгірлерді ар қалай түлкі демес?!

Мен жалғызбын, ел-жұртым — қарақұрым,

Көңілін табу бәрінің мүмкін емес.

Пенделіктің белгілі мұрат әні,

Күйдіреді, омырау бұлатады.

Кінәмшілдер қит етсең кінә тағып,

Бір-біріне күншілдер күл атады.

Мықты тұрған мың жылдық теректі де

Балтасы бар Батыраштар құлатады.

Тілектестік кетсе егер нұрын бұрып,

Тіке басқан қадамың қырын жүріп,

Іліп-тартып, аяқтан сүріндіріп,

Ақиқатты жалғанға жығып берер,

Адалдықты арамға жүгіндіріп.

Табалау бар, күлу бар, жылау барда —

Бәрі заңды: сүріну, құлаулар да…

Көшеркеруен,

Көшеді «Бұлкім?» деген

Жауап іздеп жаңбырдай сұрауларға.

Тырналардың ұзатып тізбек көшін,

Жаз көшеді жайлаудан, күз жеткесін…

Көз нұрында жаңғырып келбетіміз,

Өзге толқын келеді біз кеткесін.

 

Ескі  жұрт      

Қант түгіл, қарасуын балдай деппін,

Мен ақын баласыедім Қалдайбектің.

Арманның айлы түні адастырып,

Ат ізін сол ауылға салмай кеттім.

 

Білмеймін сертім қандай, өртім қандай?

Көрмесем  қадірім мен көркім бардай.

Алыстан сыйласқанды өлең етіп,

Өзімше болып жүрмін бөркім дардай.

 

Екі-ақ үй Екінші ауыл елдей мекен,

Ерттесем желмаямды, желмей жетем.

Әлде мен етегі елпі, жеңі желпі

Жылдарға қайта оралғым келмейме екен?

 

Дүние болып еді тар маған да…

Апырмай, ескі жұртқа бармағанда—

Есенбай дейтін сол бір кедей жайлы

Естелік тірілтуге арланам ба?

 

Ағажұрт, ақ кіреуке тон-жағам бар,

Қонбадым қонысыма қомдаған нар.

Жетімді жеті әкеден жіберетін

Ат мінген ақ жабулап Оңдағандар.

 

Айтпаймын елге бүлік салды-ай деп те,

Ел оны жақсы көрді «жандай» деп те..

Көжесін интернаттың қатар ішкен

Көп достан кім бар екен Қалдайбекте?

 

Сайрамай сандуғашы сазарып таң,

Жатақ пен қоштасар күн маза құртқан.

Әкемнің табанақы, маңдайтерін

Тіленіп нән бухгалтер Қазановтан.

 

Жыр жазып, жанарымнан жас парлаттым..

Қаржы алып қанындай бір қасқалдықтың.

Өрмелеп Алатауға кете бардым,

Өрімен арман атты баспалдақтың.

 

Ұлы ағыс толқындарын ұластырып,

Жылдарды домалатты қыр астырып.

Сыр мінез сол ауылға соқпай кеттім,

Сыртынан амандығын сұрастырып.

 

Өрімдей қауырсыны көк өспірім,

Көрінбей, көңіл, неге емексідің?

Аспанға асатаяқ лақтырғандар

Бүгінде қойдан қоңыр деп естідім.

 

Заманы мейірленіп, зейін беріп,

Жасқауым ағалыққа бейімделіп…

Алды ма ел тізгінін өзқ олына

Өмірге біздің ұрпақ кейін келіп?

 

Дауасы сағыныштың бар ма мына,

Жырды да, жинап қойып шаруаны да,

Барып бір қайтсам деймін Қалдайбекке,

Әжемнің сәлем беріп аруағына!

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button