Әдебиет

Гүлжаһан ТӨРЕХАНОВА

Гүлжаһан Төреханова 1982 жылы 28 тамызда Ойыл ауданының Қайыңды ауылында дүниеге келді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің филология факультетін, осы университеттің магистратурасын тәмамдаған.

Облыстық, республикалық мүшәйралардың жеңімпазы. Өлеңдері жас ақындардың ұжымдық жинақтарына, «Жәдігер» атты Ақтөбе ақындарының антологиясына, «Ақтөбе кітапxанасы» сериясының 50-томына енген. «Көктемнің күлкісі» атты жыр кітабы жарыққа шықты.

Қазір С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының» аға оқытушысы.

Көктем-қыз

Көктем деген — кейде нәзік, кейде өте тентек қыз,

оны мөлдір жырларыңмен, сырларыңмен селт еткіз!..

Содан кейін тамсан да отыр, таңғал да отыр армансыз,

жоғалады көкірегіңде қыстан кейін қалған сыз.

 

Кейде ерке, бала мінез,

Бұртиюы бір демде,

мөлт-мөлт етіп тамар сосын миллион моншақ гүлдерге.

Сәлден кейін жарқ етеді жарық шашып жанары,

құйылады сан мың шуақ құбылтып бұл даланы.

 

Көктем деген — Көк Тәңірдің сылаң қаққан бір қызы,

Жердің бетін жайнатсын деп жіберген Үр жұлдызы.

Кеткенінше дамыл таппас, он саусағы майысып,

Жел де, әне, кірісті іске көрпелерін жайысып.

 

Көз алдырмай мынау ғажап көркі бөлек гүл-бақтан,

Көктем-қыздың сиқыры ғой құс біткенді жырлатқан!..

Езуінде ерке күлкі, мұздай мұңды ерітіп,

Асқақ басып бара жатыр ел біткенді елітіп.

 

Кейде суық жанарымен жасқап алып жасықты,

Шуағымен аялайды арманға адал ғашықты…

Жан жүгірткен өзегіне өліп қалған тамырдың,

Сүймеу сені мүмкін емес, туындысы Тәңірдің!..

 

Сені аңсамау мүмкін емес, Сағынышым, Шуақтым,

Сенің мөлдір шыныдайын болмысыңды ұнаттым!..

Күн анаңнан бойға біткен мейіріміңнен нұр сіңіп,

бөбек-бүршік қылтияды тіршілікке ұмсынып…

 

Сәуірдің сәруар самалы

Сәуірдің сәруар самалы,

аймалапқала, даланы,

кекілінсипапбаланың,

көзіненсүйіпананың,

желбірепкөкшілкөйлегі

көккеұшып, әне, барады.

 

Сәлденсоңсамалжелтынып,

мөлдірепмұңыеңтұнық,

Бұлтаунаптүсіпкүрсінді.

Делдиіптанаутүужерге,

зуладыЖаңбырентігіп.

 

Даңғаза дудан тыйылап,

Күн нұры көктен құйылып,

Ай маңдай Далам құлпырды,

сайрады құстар жиылып.

 

Тамшыдан талмап алған нұр,

қауызын жаңа жарған Гүл,

үлбіреп жүзі, жымиды.

Күн менен Көктің тентегі,

жауа да түсші, жау, Жаңбыр!

 

Жау, жаңбыр, әзір тоқтама!

Шапаттап санын топ бала

шаттанып, шалқып шауып жүр.

Сен сүйіп қана өткен бел

кетеді қазір шоқтана…

 

Көктемім, мұң ба, шаттық па ең?!

Көңіл бар Көктен бақ күткен.

Тұнжырай бермей, төкші енді,

Жұпарға тұнсын сәттік дем!..

Сирень…

Сирень гүлдеді.

Сезім секілді…

Сезім секілді тұр аңқып!..

Сонау бір мөлдір кезім секілді,

Қыр асып кеткен мұнартып.

 

Сирень гүлдеді.

Өлең секілді…

Өлең секілді тым нәзік.

Ойлары жұпар өрен секілді,

отырған бақта жыр жазып.

 

Сирень бүр жарды.

Бүр жарды арман…

Ақ ұлпа қардай аяулы.

Сирень гүліне таңдапты Тәңір

ең тұнық, нәрлі бояуды.

 

Бұрқырап Бақыт жайылды сосын,

Ізгілік еріп ізінен…

Сыр айтты гүлі:

«Мен, сірә, елді

қуантып барып үзілем!»

 

Көктем ән салды.

Құстар жар салды.

Шын іңкәр сәттің шуағы.

Жүректің адал, ең шыншыл кезі

Сирень гүлдерде туады…

Гүл…

Бәрін көрген көкте жұлдыз, күн, айдың,

Нәзігім-ау, неге сонша мұңайдың?..

Сары ала күзсағыныш па жүдеткен,

көктемсайынкөгеретін, шырайлым?!.

 

Көңіліңдібірбуалдырмұңшалып,

неге, неге құлазисыңмұншалық?!.

Сеніңқұйттайүмітіңдіқаражел,

қаражердіңжүрегінежүрсалып.

 

Алып жердің құшағында нұр сіңген,

толастамай, тоқтамастан жүрсін дем…

Келер жылы бұрқырайсың бүр атып,

оянып ап, аспанасты дүрсілден.

 

Солай, сөйтіп алмасатын жалған бұл,

Аспан мен жерарасындаарманжүр…

Күздіңәнікүдеріңдіүзбесін,

Көктемкелсе, жалғасадықалғанжыр…

Сағыныш деген…

Сағынышдеген — Көктембекеткен,

Жаз ба әлдемынаусұп-суық?

Жадырап неге жылытпайдыенді,

мұңаярненіұқтырып?..

 

Сағыныш деген — жапырақ, бәлкім,

дір етіп барып шық тұнған…

Сағыныш — сенің жанарың екен,

жымиып бәрін ұқтырған.

 

Сағыныш құстың қанатында ғой,

көтеріп келген Көктемді.

Сағыныш сенің хаттарыңменен

жып-жылы болып жеткен-ді.

 

Әйтеуір, шуақ бір сезім бар-ды,

тербеген үнсіз жанымды.

Көзіңде жүрген сол мөлдір сөзден

сеземін сағынғаныңды…

***

Сағыныш дейді өткеннің бәрі,

Уақытқа ол да жарасқан…

Ұмтылып барып, сабыр қылады,

сезімі бөлек көк аспан.

 

Мөлдіреп келіп, құяды мұңын,

сыбырлап миллион тамшылар…

Көктің де көркем мінәжатында

пенденің үні бар шығар…

 

«Сағындым — дейді, — сұлу Жер, сені!» —

Жердің де сол ғой айтары…

Ал Жүрек кейде Жүректі неге

Іздемей кері қайтады?..

***

Елегізіп сағынады жан кімді?

Бүгін неге жыр көңілсіз, ән мұңды?

Бір Сағыныш шымырлатып кеудені,

Бір мөлт Сезім аялайды жаңбырды…

 

Жылап тұрған көңіл ме, әлде аспан ба?

Аспани мұңестіледі тастан да.

Сәл кермек дәм таңдайда еріп шаттықтан,

Сәл тәтті дәм сезіледі жастан да…

 

Әр секундта талмап жұтар бар шырын.

Әр мезетке айта бермес жан сырын…

Өлең деген— Жүрек атты сәбидің

жанарынан тамып кеткен тамшы мұң…

 

Өлеңдеген —өрттен қалған арман бұл,

Көңіліңді кейде өмірмен алдандыр.

Жылап алып, жымияды қайтадан,

Жапырақтың жанарында қалған нұр…

 

***

Ақтөбенің әрбір сәті әдемі,

Ақ бораны — тентек ұлдың әлегі,

Аппақ қары — аспан жақтың өлеңі.

Келеді ертең көкжиекті құбылтып,

Көктем қыздың сәлемі.

 

Ол келгенде шырай кіріп бәріне,

Елеңдейді жас та, бала, кәрі де.

Жан жүгірер қатып қалған тасқа да,

Қыс та амалсыз қарар сосын әліне.

 

***

Көңілімнің ұшырып қиялқ ұсын,

Жанарыма жарық нұр жияр күшің…

Жылжып жылдар, өзгеріп ойың, санаң,

тәтті сәбилігіңді тыярмысың?!

 

Тәңір берген кейпіңнен бақыт көріп,

бал күлкіңнен жүреміз жақұт теріп…

Бір мезетте бойжетіп кетермісің,

бағынбайтын бұйрыққа Уақытқа еріп?!.

 

Аңқау қулығыңменен алдандырып,

бақ ұямды жатасың жандандырып…

Ең сәулелі кезіңді жадыңа жаз,

шығады ертең алдыңнан жалған күліп.

 

Күтеді ертең тіршілік мұңы басым,

мұңы басым, даңғаза үні басым.

Сол сәттерде,жаным-ау, көңіліңнің

көлеңкесізс әтімен жылынасың…

 

Өмірдеген — шуақ пен түнек, күнім,

талай, талаймені де жүдеттімұң…

Сынып бара жататынкездерімде

жақсыадамныңжылуытірептімың.

 

Сені-дағыәрдайымқолдарҚұдай,

анаң-дағыдұғасынжолдарұдай.

Еңбақытты, еңкөркемжанболасың!..

(алаңдама, анаңбіртолғандыжай…)

 

***

Сағат санап өтіп жатыр ілбіп күн,

Көктем, сенің жанарыңнан мұңды ұқтым…

Ай көркіңмен адамзатты қуантпақ

болып едің.

Ауыр екен тірліктым.

Байқайалмаймын ау дүние ғажабын,

шырқай алмай шырын сезім ғазалын,

күрсінгенде жалын атар қара жер,

көтере алмай адамзаттың азабын.

 

Шырқамаса, әлем үнсіз тоқтардай,

шыр-пыр болып шырылдайды топ торғай.

Көкті жарған қаңқылында қаздардың,

адамдардың армандары жатқандай.

 

Көктем, сенің күлген сәтің әдемі,

жұпар шашып, жүрген сәтің әдемі.

Шын сүйсініп, күте алмасақ өзіңді,

атың өшкір мынау дерттің әлегі.

 

Біз екеуміз бас қосатын бөктерге,

жалғыз өзің кеп кетіпсің өткенде.

Саған деген Сағынышты ақтарып,

сыбырладымт ерезеден кептерге…

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button