Әдебиет

Ақын мұрасы

Байқау

Мәртөк аудандық балалар кітапханасында  халық ақыны, жырау Нұрпейіс Байғаниннің шығармаларын насихаттауға бағытталған «Нұрпейіс атты дауыл-жыр» атты облыстық байқаудың аудандық кезеңі өтті. Байқау қатысушылары «Байғанин оқулары» және «Байғанин шығармасына иллюстрация» номинациясы бойынша бақ сынады.

Іс-шараға аудандық және ауылдық кітапханалардың оқырмандары қатысты. Олар Н.Байғаниннің және жергілікті ақынның екі шығармасын оқып, одан алған әсерін иллюстрация арқылы қағаз бетіне түсірді. Байқауға зейнеткер ұстаз Нұрзада Мұқанова, «Қазақ аналары — дәстүрге жол» жобасының Мәртөк аудандық филиалының мүшесі Шара Бекназарова және аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Адайбек Абдакиевтер қазылық етті.

Нәтижесінде «Байғанин оқулары» номинациясы бойынша 1-орынды — №4 жалпы орта білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мерей Есімова, 2-орынды —Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Бибіфатима Әдел, 3-орынды «Достық» негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Индира Байжанова иеленді. «Байғанин шығармасына иллюстрация» номинациясы бойынша 1-орынды — №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Кристина Махиборода, 2-орынды — №4 жалпы білім беретін орта мектебінің 9-сынып оқушысы Әсел Жолдасбаева, 3-орынды «Жайсаң» мектебінің 7-сынып оқушысы Гүлжанат Омарова жеңіп алды. Барлық қатысушыға Алғыс хат табысталды.

Ақмарал МҰҚАШЕВА,

Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button