Білім

Ұлттық тәрбие — сапалы білім негізі

Тәрбие

Ұрпақ тәрбиесі — болашақ тірегі. Біздің мақсатымыз — қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жан-жақты үйлесімді тұлға қалыптастыру.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілген болатын. Мұндағы бағдар — жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленген адал азамат қалыптастыру. Осы орайда  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет оқытудағы құндылыққа негізделген тәсіл бойынша өңірлерде біліктілікті арттыру курстары өткізілуде. Біліктілікті арттыру курстары«Біртұтас тәрбие бағдарламасында» көрсетілген бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу құндылықтарына бағдарланған тәсілді қолдану бойынша педагогтердің құзыреттілігін жетілдіруге арналған.

Қазіргі таңда «Өрлеу» білікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалында мемлекеттік тапсырыс бойынша облыстық білім басқармасының сұранысына сәйкес «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілуде. Жыл соңына дейін өңірде 450 бастауыш сынып мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарында кәсіби құзыреттіліктерін арттырмақ.Ал бұған республика бойынша 10 389 бастауыш сынып мұғалімі қатысады. Курс аясында тыңдаушылар бастауыш мектепте сабақ уақытында және сабақтан тыс уақытта балаларды тәрбиелеу мазмұнын зерделеу бойынша көшпелі практикалық сабақтарға қатысады.

Біліктілікті арттыру курстарының бағдарлама мазмұнын оқыту аяқталғаннан кейінгі тәжірибеге енгізуге байланысты мұғалім іс-әрекетінің жаңа әрі маңызды кезеңі, яғни курстан кейінгі қолдау жұмыстарымен жалғастырылады. Мұндағы басты мақсат —  курстан кейінгі кезеңде педагогтердің тәжірибелік қызметінде инновациялық әлеуетін толық жүзеге асыруға жағдай жасау. Педагогтер курстан кейінгі қолдау көрсету аясында әдістемелік сүйемелдеу жағынан көмекпен қамтамасыз етіледі. Тренерлер әрбір педагогке тиімді кері байланыс жасап, мұғалімдерге қажетті кәсіби қолдау, жан-жақты әдістемелік сүйемелдеу көрсетеді.

Курстан кейінгі қолдау шаралары –«Оқудан кейін мұғалім тәжірибесіндегі өзгерістің басым жағы қандай?»,«Мұғалім оқыту мен оқуды жақсартуда әдіс-тәсілдерді қалай құрады?»,«Қандай кедергілерден өтеді?»,«Мұғалімге қандай қолдау керек?» деген секілді маңызды сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді. Курстан кейінгі іс-әрекет жұмыстың түрлі формалары арқылы жүзеге асады, олар:әдістемелік десант, тәжірибелік сабақтар, шеберлік сағаттары, семинар, вебинарлар, конференция, форумдар және т.б. Аталған іс-әрекеттердің барлығы дерлік мұғалімдердің курстан кейінгі кезеңдегі сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді.

Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру —«Өрлеудің» барлық филиалдарының алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы Мемлекет басшысы белгілеген бағдарды қолдап, еліміздің болашағы — балаларымыздың білім сапасын арттыруға бағытталған жұмысты жалғастыруға әрдайым дайын. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарымыз бен ізгі дәстүрлерімізді сақтау арқылы ұлттық санасы қалыптасқан қоғам құру — біртұтас ел болып жұмыла атқаратын жауапты да межелі мақсатымыз болмақшы.

Нұргүл ӘБІШЕВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму

институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button