Су тасқыны

Ақтөбе облысы бойынша су тасқынынан зардап шеккендерге төленетін біржолғы әлеуметтік көмек туралы ақпарат

Су тасқынынан зардап шегіп өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларына жергілікті өкілетті органдардың шешімдері негізінде біржолғы әлеуметтік төлемге бүгінгі күні облыс бойынша 1567 құжат қабылданып, оларға 521 723,2 млн теңге тағайындалды, оның 1300 отбасына 423 146,8 мың теңгеге төлем жүргізілді.
Қалған 267 отбасына 98 576,4 мың теңгенің құжаттары қаралымда, құжаттары тексеріс өтуіне сәйкес төлем жүргізіледі.
Мәлімет үшін: Су тасқынынан зардап шекке азаматтар тұрғылықты мекен-жайы бойынша Ақтөбе қаласы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесідей құжаттармен жолығулары қажет:
1. Жеке куәлік (сәйкестендіру үшін)
2. Су тасқынында зардап шеккенін растайтын құжат (акт, анықтама т.с.с)
3. 20-сандық банктік шот (сәйкестендіру үшін)

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі- жұма 9:00- 18:30, үзіліс: 12:30 -14:00 .
Сенбі 9:00- 14.00

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button