Су тасқыны

Бәріміз үшін де сын

Қолдау

Су — тілсіз жау. Табиғат апаты төтеннен келіп,көптеген отбасына, барша тұрғындарға салмағын салды.Соған байланысты өңірімізде төтенше жағдай режимі жарияланғаны белгілі.

Мемлекет басшысы өз Үндеуінде «Су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет тарапынан көмек көрсетіледі, әр отбасының материалдық шығыны өтеледі, ең бастысы — ел амандығы» деп, халықты сабырлы болуға, ресми емес ақпараттарға сеніп, үрейге бой алдырмауға, осындай қысылтаяң шақта бірлікпен ынтымақта болуға шақырды.

Өңірдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша су тасқынына қарсы жұмыстарғаҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері де алғашқы күннен белсене қатысып келеді. Олар тасқыннан зардап шеккен аймақтарда су тасқынынан қорғану, құм төгу, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру, көшелер мен аулаларды,үйлерді судан тазарту, қалпына келтіру шараларына белсене араласуда, эвакуацияланған елді мекендерді бақылау үшін кезекшіліктер орнатылып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ су басқан жерлердегі көлік қозғалысы, қоғамдық тәртіп, азаматтардың мүлкін қорғау да тәртіп сақшыларының жіті бақылауында.

Осындай сын сағаттарда қиындықтармен күресе отырып, жұдырықтай жұмылып, зардап шеккен тұрғындардың бойына болашаққа деген сенім ұялатып, қолдау көрсету басты парызымыз деп санаймыз.

Алуа ЖЕТЕСОВА,

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесінің инспекторы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button