Басты жаңалықтарМерей

ӘРІПТЕСКЕ ҚҰРМЕТ

«Ақтөбе Медиа» ЖШС-на қарасты облыстық «Актюбинский вестник» қоғамдық-саяси газетінің компьютерлік беттеуші маманы Таңсұлу Шәнгерееваны серіктестік ұжымы мерейлі 60 жасымен құттықтады.

Медиахолдинг директоры Раукен Отыншин жиырма жылға жуық уақыттан бері облыстық газетте еңбек етіп келе жатқан әріптеске кәсібіне адалдық танытып келе жатқаны үшін алғысын білдіріп, жақсы тілектерін арнады. Гүл шоғын ұсынып, сый-сияпат көрсетті. Мерейтой иесін әріптестері де құттықтады.

Таңсұлу Шәнгереева «Актюбинский вестник» газетінде 2005 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оған дейін «Полиграфия» бірлестігінде, облыстағы бірқатар басылымдарда еңбек еткен Таңсұлу газетке келгенінде тәжірибелі дизайнер болатын. Ол қай жерде де өзінің кәсіби біліктілігінің, жұмысқа деген жауапкершілігінің жоғарылығымен ерекшеленді.

Таңсұлудың басылымдағы міндетін жауапкершіліксіз атқару мүмкін емес: газетке жарияланатын мақалаларды бетке орналастыру, оған дұрыс дизайн және шрифт таңдау, мақаланың оқырман назарын аударатындай дұрыс орналастыру үлкен кәсібилікті талап етеді. Жиырма жылға жуық уақытта Таңсұлу өз білгенін әріптестеріне де үйретіп келеді. Сондай шәкірттерінің бірі — қызы Диана Абдирова. Бүгінде Диана да «Актюбинский вестник» газетінде еңбек етеді.

Әріптесті мерейтойымен құттықтай отырып, мықты денсаулық, қажырлы қайрат, барлық бастамаларына сәттілік тілейміз.

«Ақтөбе» газетінің ұжымы. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button