Спорт

Софияның жеңісі

Бәрекелді

Ақтөбелік жас спортшы София Абубакирова 27-29 ақпан күндері жүзуден Филиппиннің Нью-Кларк Сити қаласында өткен ХІ Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды.

Екі дүркін Азия чемпионы атанған спортшыны жүзуден олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымыкүтіп алды.

Аталған спорт мектебінің директоры Болат Еңсепбаевтың айтуынша, Софияның жүзумен айналысқанына 12 жылдан асқан. Жаттықтырушысы — С.Валюс.

— София бұл жолы екі дүркін Азия чемпионы атанып, үлкен жетістікке қол жеткізіп отыр. Ол чемпионаттың алғашқы күні 200 метрге кешенді жүзуден — күміс, ал 50 метрге шалқалай жүзуден қола медаль жүлдегері атанды.Екінші күні 50 метргежүзіп, еркін әдісте 26.25 секундпен ең үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Жарыстың үшінші күнінде 50 метрге жүзіп, баттерфляй әдісінде 27.13 секундпен жаңа рекорд орнатып, Азия чемпионы атанды, — дейді ол.

София 2018 жылы жүзуден ҚР спорт шебері атанған. Қазіргі таңда ол — Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі.

 Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button