Күй атасына құрмет
Әдеби-сазды кеш
«Күй атасы— Құрманғазы». Ақтөбе қаласындағы №30 мектебінде өткен әдеби-сазды кеш осылай аталды.
Шара «Өнерлі ұрпақ—кемел болашақ» атты эстетикалық пәнде рбірлестігінің ұйытқы болуымен атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 201 жылдығына орай өткізілді.
Кеш мақсаты—Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, қазақтың баға жетпес мұрасына айналған күйлерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беруіне ықпал ету.
Іс-шара мектеп оқушыларынан құрылған домбырашылар ансамблінің орындауындағы «Балбырауын» күйімен басталды. Жиында кеш қонағы, Ақтөбе жоғарыгуманитарлық колледжі музыка бөлімінің мұғалімі Айгүл Қарғабаева
Күй өнері, Құрманғазының өмірбаяны туралы тың мәліметтер айтты.А.Жұбанов атындағы музыкалық колледждің мұғалімі Құрманғазы Асылхан күйшінің «Амандасар», «Машина» сынды күйлерін орындады. Оқушылар Құрманғазының «Серпер», «Сарыарқа», «Адай» күйлерін орындады.
Іс-шара барысында мектеп кітапханашысы Мадина Дәнекерова «Күй атасы — Құрманғазы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
А.МЕДЕТОВА, эстетикалық пәндер
бірлестігінің жетекшісі,
Б.БАЛМҰХАНОВА, музыка пәнінің мұғалімі.
№30 орта мектеп.
Ақтөбе қаласы.