Білім

Шебер класс — кәсіби жетілудің бір бағыты

Мектеп

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназияда білім сапасын арттыруда көптеген жетістікке қол жеткізіп, озық педагогикалық іс-тәжірибелері облыс көлемінде танылып жүрген креативті ұстаздарымыз бар.

Солардың бір тобы Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бұйрығымен ашылған шебер класс авторлары ретінде танылып отыр. Олардың қатарында тәжірибелі ұстаздарымыз Айымгүл Жолманова, Ботакөз Нүкісова,  Ақмарал Сәрсембаева, Серікгүл Қыстаубаева, Гүлшат Жантуриналар бар.

Аталған шебер кластың мақсаты — кәсіби аудиторияға арнайы таңдалған тақырыпта белгілі бір сала бойынша терең теориялық дәріс беру, кеңейтілген практикалық бағытта сабақ көрсету, яғни көпжылдық шығармашылық пен зерттеу қызметінің жемісімен бөлісу.

Жоспарға сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті, биология, математика пәндері және бастауыш сыныптардың шебер класс көшбасшылары қала бойынша бекітілген шебер класс мүшелерімен кезекті отырыстарын өткізіп, жүйелі жұмыстанып, ұдайы кері байланыс орнатып отырады. Мақсатты үй тапсырмаларын орындайды, өзекті мәселелерді талқылап, бірлесе шешеді. Жыл соңында қорытынды жасалады.

Педагогтің іс-әрекеті көбіне оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне байланысты болады.

Тұлғалық  даму нәтижесінде әрбір педагог маман шығармашылық дағдылары мен мүмкіндіктерінің арқасында жетіктікке қол жеткізіп, еңбек сапасын арттыруға және сақтауға  ықыласты болады.  Қорыта айтсақ, кәсіби маман болып қалу үшін ұстаз үнемі кәсіби ізденісте болуы қажет.

Д.МҰХАНБЕДИЯРОВА,

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы директорының

ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button