Білім

Тағылымға толы апта

Мектеп

19-22 ақпан аралығында ағылшын тілі пәні бірлестігінің апталығы өтті.

«A different language is a different vision of life» тақырыбында өткен апталық іс-шараның мақсаты — білім алушыларды дербестікке, ізденімпаздыққа, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу.

Апта бойы оқушылар үшін өзгеше форматта ашық сабақтар мен түрлі кездесулер ұйымдастырылды.

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері С.Аманбекқызы мен Г.Таласбаева өткізген  «Travelling is a lot easier with a good knowledge of English» тақырыбындағы кездесуге шетелдік маман Kэй Бредли және «American corner-дің» координаторлары Әсел Құспанова мен Айзада Өтешова арнайы қатысты. Пікірталас кезінде «English speaking club» мүшелері яғни, 9-11 сынып оқушылары шетелдік қонақтан АҚШ-қа оқуға түсудің жолдарын, ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына түсудің мүмкіндіктерін, бүгінгі таңда шетелде қандай мамандық түрлері сұранысқа ие екендігін сұрап, жауап алды.

Kэй Бредли өзінің тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларды ынталандыру мақсатында дайындаған сыйлықтарын тарту етті.

Оқушылар үшін танымдық кездесу ұйымдастырған С.Аманбекқызы

мен Г.Бақытжанқызына үлкен алғысымды білдіремін.

З.МЕКЕЕВА,

№30 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button