Спорт

Айбектің жүлдесі

Ақтөбелік мұғалім белбеу күресінен өткен Қазақстан чемпионатында үздік үштіктің сапынан көрінді.

18-22 ақпан күндері Астана қаласында белбеу күресінен ересектер арасындағы ел біріншілігінде Ақтөбе қаласындағы №47 мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Айбек Жолдыбай қола жүлдегер атанды.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық спортшы қатысты. Ерекше тартысты өткен кездесуде 70 келі салмақ дәрежесінде Айбек жақсы белдесіп, көптің арасынан суырылып алға шықты. Тек жартылай финалда қарсыласына жол берді. Мұғалім жігіттің бұл алғашқы жетістігі емес екенін айта кету керек, бұған дейін ол республикалық, облыстық сындарда жүлделі болған.

13 жасымнан бастап қазақ халқының ең көне спорт түрлерінің бірі қазақ күресімен айналыстым. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі болғандықтан, жұмыс кезінде де спортты қатар алып жүру ыңғайлы. Болашақта өзім жұмыс істейтін №47 мектеп оқушыларын осы спорт түруіне баулу ойда бар, — дейді Айбек.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button