Мәдениет

Қарабұтақтың үздіктері «Артекте» демалады

Украина

Бүгін Оқушылар сарайына келіп, әскери әндер тыңдаңыздар!

Қаламыздағы «Оксана» украин ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Валентина МОИСЕЕНКО:

– 2007 жылы Украинадағы Қазақстан, ал былтыр Қазақстандағы Украина жылы екі елде де  табысты өтті. Қазақстандықтар мен украиндықтар бір-біріне жақындай түсті. Украиндықтар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен танысып, елдің бай мәдени мұрасы жайлы көптеген мәліметтер алды, қазіргі Қазақстанның қадамдарын сезінді. Қазақстандықтар қазіргі Украинаның саяси, экономикалық және әлеуметтік жетістіктері жөніндегі мағлұматпен, украин халқының бай мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды. Қазіргі кезде Украина мен Қазақстан бір-бірлеріне ірі сауда әріптесі болып отыр.
Қазір елшілік арқылы б
алаларды «Артек» лагеріне жіберумен айналысып жатырмын. Елші Қарабұтақтағы Т.Шевченко атындағы орта мектепке барғанда жергілікті халықтың 160 жыл бұрын Тарас Шевченко болып кеткен жерде стелланы сақтап, ол туралы мағлұматтарды, оның картиналарын жинақтап, музей жасап отырғанын өз көзімен көрді. Осыдан соң елші Қарабұтақ орта мектебінің үздік оқитын оқушыларына «Артек» лагеріне тегін жолдама беретінін айтты.  Биыл 16 шілде мен 5 тамыз аралығында қарабұтақтық озат оқушылар Қара теңіз жағалауында демалатын болады.

Айтпақшы, бүгін сағат 15.00-де қалалық Оқушылар сарайында Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнап «Әскери әндер» атты концерт қоямыз. Кіру тегін. Күтеміз!

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button