Білім

Заманауи ақпараттық технологиялардың рөлі

Мектеп

Күнделікті сабақты жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өткізу —  заман талабы. Түрлі сервистермен жұмыс жасай білу — мұғалімнің оқушы алдындағы мәртебесі мен шығармашылық қабілетін арттырудың бір жолы. Жаңа технологиямен жұмыс жасай білу уақытты үнемдеумен қатар, ақпараттық құзыреттілікті дамытады, баланың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау жүйесін арттырады.

Электронды білім беру жүйесіндегі (e-learning) белсенді құралдардың бірі

— Web 2.0 сервистері. Олардың ішінде әмбебап-LearningApps қызметін айтпай кетуге болмайды.  Бұл қызмет электронды білім беру ресурстарын пайдалануға ғана емес, сондай-ақ нақты білім алушылармен өз бетінше белсенді жұмыс істей

алатын топтар үшін виртуалды сыныптар (v-room) ұйымдастыруға

мүмкіндік береді.

LearningApps интерактивті тапсырмалар құрастырушысы интерактивті модульдер (жаттығулар) арқылы оқыту процесін қолдауға арналған. Сонымен бірге оқытушы да, оқушы да дайын шаблондарды пайдаланып, интерактивті модульдер жасай алады. Осы қызметтің арқасында жасалатын интерактивті тапсырмалардың негізгі идеясы — оқушылар белгілі бір оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын қалыптастыруға ықпал ететін білімін ойын түрінде тексеріп, бекіте алады.

Қажетті тілді таңдау үшін сайт парағының жоғарғы оң жақ бұрышында тиісті

жалаушасы бар белгішені басу керек. Сайтта ресурстарды пайдаланушылар

жасаған жалпыға ортақ интерактивті тапсырмалар галереясы бар. Қызметте

ұсынылған барлық жаттығу академиялық пәндер бойынша бөлінеді, бұл

қажетті тапсырманы табуды едәуір жеңілдетеді.

LearningApps.org сервисінде өзіңіздің тапсырмаларыңызды құру және сақтау

үшін тіркелуіңіз керек. Оқытушы жеке пайдаланушы ретінде тіркеліп, аккаунт

құрады. Өз оқу модульдерін жасап, сақтайды, сонымен қатар басқарады.

Пайдаланушы оқу модульдерінің авторы ретінде жасаған контентті статистикада

көре алады. Оқытушы «Барлық жаттығулар», «Жаңа жаттығу», «Менің

сыныптарым», «Менің жаттығуларым» қызметтерін пайдаланады.

Сервисте құрылған learningapps.org дидактикалық материалдарды информатика

және АКТ бойынша сабақтар кезінде де, сыныптан тыс шараларда да

қолданасыз.

Мен веб-квест тапсырмаларын құру үшін LearningApps қызметін қолдандым.

Интерактивтік тапсырмаларды орындаған кезде оқушылардың ақпаратты

қабылдауы мен есте сақтауы, есте сақтау дағдысының артуы, зейіні мен

эмоционалды қасиеттері қарқынды дамитындығы, назарының

тұрақталатындығы, қорыта білуі, жіктеу қабілеттері артады деп есептеймін.

Оқушылар LearningApps сервисімен жұмыс жасағанды ұнатады, барлық

тапсырманы уақтылы орындайды, олардың толық орындалуына қол

жеткізеді. Тапсырмаларды орындау барысында олардың

қиындықтарын талқылап, талдап, бағалайды. Берілген тапсырмаларды

орындауда білімнің жоғары деңгейіне жетуге деген келесі қадамдарын құра

алады. Бір-бірінен көмек сұрайды және көмектеседі.

Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін арттыруда LearningApps сервисі шын мәнінде қалыптастырушы бағалау құралы болып табылады.

 Земфира КЕНЖЕБАЕВА,

№75 мектептің информатика пәні мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button