Білім

«Бойтұмардың» алғашқы сапары

Мектеп

Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің жанынан құрылған «Бойтұмар» театры үш жылға жуық уақыттан бері нәтижелі жұмыс жасап келеді. Бүгінде театр қоржынында кең көлемді үш, шағын екі пьеса бар.

Жуырда мектеп директоры Әлия Оспанқызының бастамасымен театрымыз өзінің алғашқы сапарын аудандағы №6 орта мектептен бастады.

Бұл сапардың мақсаты — театр мәдениетін жандандыру және мектеп оқушылары арасында достық қарым-қатынасты арттыру.

Біз көрерменге Ақтөбе өңірінен шыққан ақын, драматург Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» атты үш актілі спектаклін ұсындық. Кең көлемді шығармаларды жаттап алу бір бөлек те, оны сахнада жұптасып орындау — бір бөлек. 100 беттік классикалық туындыны сол күйінде шынайы жеткізу көп дайындықты қажет етті. Бұл қойылым арқылы театрдағы барлық оқушының сөздік қоры артты, арамыздағы сыйластық нығайды, оны өзгелерге де насихаттадық. Драмалық шығармадағы кеңес дәуірі кезіндегі саяси идеология да талқыланып, театр мүшелері өзара пікір алмастық.

Сөз соңында театрымыздың алғашқы сапарымыз кезінде автобуспен қамтамасыз етіп, бізді жайдары жүзбен қарсы алған №6 орта мектебі ұжымына, сондай-ақ жылы лебізін білдірген көрерменге алғыс айтамыз.

Назира Бердалы,

Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің

10-сынып оқушысы.

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button