Білім

Оқушылар сайысы өтті

Интеллектуалды ойын

Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Tez Tap» интеллектуалды сайысы өтті. Оған жоғары сынып оқушылары қатысты.

Сайыстың мақсаты — мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылық пен нашақорлықтың, құмаройынға тәуелділіктің алдын алу, ұлттық, тарихи, мәдени, рухани құндылықтарды жастардың арасында дәріптеу. Сайыста оқушылар 3 кезең бойынша бақ сынасты.

Іс-шара барысында қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Қожабеков сайыстың өтуіне қолдау көрсеткен №78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназияның директоры Жанар Есенғосқызына алғысын білдіріп, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Сайыстың бірінші кезеңінде қатысушылар смартфондары арқылы тақтадағы QR кодты сканерлеп, «Құтты мекен — Ақтөбе» туралы сұрақтарға жауап берсе, екінші кезеңде мақал-мәтелдің жалғасын тауып, тапқырлықтарымен сынға түсті. Қорытынды кезеңде команда ойыншылары түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, нәтижелі ойын көрсетті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша1-орынды — №78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия, 2-орынды — Қызылжар орта мектебі, 3-орынды Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы оқушылары жеңіп алды.

Сайыс соңында орталық басшысының орынбасары Ержан Аманжолов жеңімпаздарға орталық басшысы атынан арнайы дипломдар мен медальдар табыстап, жеңімпаз команданы «Tez Tap» кубогымен марапаттады.

Үміт ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

Қалалық жастар ресурстық орталығының қоғаммен байланыс және Neet санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button