Әдебиет

Оқитын ұрпақ өссін деп…

Акция

Қарғалы аудандық орталық кітапханасында республикалық «Бір ел — бір кітап» және облыстық «Оқитын өлке» акциясы аясында әдеби кеш өтті.

Биыл жыл сайын өткізілетін акция асында жалпыұлттық оқуға жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары және облыстық «Оқитын өлке» акциясына Сағи Жиенбаев пен Сара Мыңжасарованың шығармалары таңдалып алынды.

Әдеби кештің мақсаты — өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында кітапханашылар Бердібек Соқпақбаев, Сағи Жиенбаев, Сара Мыңжасарованың шығармашылығын насихаттап, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Рухани кеште оқырмандар «Иә-жоқ» ойынын ойнап, зияткерлік қабілеттерін көрсете білді. Акция аясында кітапханаларда жыл бойы мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылады.

 Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button