Білім

«Степное» — сенімді серіктес

Колледж

Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі білім бағдарламасы аясында құрылған оқу процесінің кестесіне сәйкес, дуальды оқыту жүйесін іске асыру мақсатында облыстағы бірқатар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен, шаруа қожалықтарымен келісімшарт негізінде жұмыс істейді. Осындай шаруашылықтардың бірі — колледждің әлеуметтік серіктестігі «Степное» ЖШС.

Бұл серіктестікті облыстың құрметті азаматы, осы салада қажырлы еңбек етіп келе жатқан азамат Аманғос Төлеуов басқарады. Ол колледжімізде құрылған индустриялық кеңестің төрағасы ретінде оқушыларға ауыл шаруашылығы саласындағы жинаған тәжірибесімен бөлісіп отырады.

«Степное» ЖШС — колледждің әлеуметтік серіктесі ғана емес, барлық ауылшаруашылық мамандығы бойынша өндірістік, кәсіптік тәжірибеден өтетін базалық мекеме. Бүгінде бұл шаруашылықтан тәжірибеден өтетін білім алушыларымызға серіктестік тарапынан тәлімгерлер бекітіліп, жұмыс жасауға қажетті арнаулы киімдер берілген. Серіктестік тарапынан қазір тәжірибеден өтіп жатқан оқушыларымызға еңбекақы төленеді, қосымша сыйақы беріледі.

Шаруашылық басшысы Аманғос Төлеуов қайырымдылық көмек ретінде колледжімізге екі ақбас сиыр мен он бас еділбай тұқымды қой, сондай-ақ он тонна арпа берді. Қазір бұл малды оқу орнымыз оқу-тәжірибелік мақсатта пайдаланып отыр. Оқушыларымыз практикалық сабақтар барысында төрт түлікті бағып-қағуымен қатар, олардың өсіп-өну жолдарын көзбен көріп, мол мағлұмат алуда. Серіктестік басшысының қамқорлығы мен қайырымдылығын бағалай отырып, біз, колледж ұжымы, сенімді серіктесімізге амандық, жұмысына зор табыстар тілейміз.

Айта кету керек, болашақта колледж базасында төрт түліктен алынған өнімдерді өңдеуу жоспарланып отыр.

Нұрболат ҚҰЛШАРОВ,

Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-

техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, әдіскер.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button