Білім

Біздің ұстаздар

Мектеп

Ұстаз — жас ұрпақты ізгілікке баулып, білім беретін, дұрыс жолға жетелейтін шамшырақ іспеттес. Ұлт болашағын тәрбиелеуде ұстаздардың орны ерекше. Осы орайда Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясындағы 40 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі, шығармашыл, ұлағатты ұстаздарымыздың өлшеусіз еңбегі жөнінде айтқым келеді. Мектебіміздің ұстаздары Бағлан Табылдина, Айжангүл Раушанова, Задагүл Сатыбалдина, Гүлайым Жанғалиева, Райля Ізбасарова, Жұмагүл Нұржанова, Сәуле Қасымова, Гүлайраш Құлдиярованың жас мамандарды кәсіби баулуда, дарынды шәкірттерді шыңдауда, ұжымдағы ынтымақтастық ахуалды нығайтуда, жаңашылдықты қолдауда, ата-аналармен сыйластық қарым-қатынас орнатуда еңбектері зор. Мұғалім ретінде алдында отырған әр оқушының бойындағы кемдікті емес, ең алдымен, кеңдікті бай­қайтын, жылт еткен жақсы қасиеті болса, сол қасиетті одан сайын жарқырата түсуге тырысатын ұстаздар қауымына айтар алғысымыз шексіз.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олардың өлшеусіз еңбегін әрдайым бағалаймын. Жалпы кәсіби шеберлігі мықты креативті мұғалім оқушысын мектеп қабырғасында ғана емес, өмірде де табысты болуға жетелейді.

 Дина МҰХАНБЕДИЯРОВА, 

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы

директорының ғылыми-әдістемелік

жұмыстар жөніндегі орынбасары

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button