Білім

Ұлттық жоба аясында 18 мектеп салынады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде білім саласында былтыр атқарылған және биылға жоспарланған жұмыстар туралы баспасөз брифингі өтті. Шараға облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында облыстың білім саласы жергілікті бюджеттен тиісті ресурстармен қамтамасыз етілді. Соның арқасында саланың басым бағыттары бойынша маңызды мәселелер шешілді, — деді Жайық Сұлтан.

Өңірде жалпы 1112 білім беру ұйымы (254 183 баланы қамтиды) жұмыс жасайды. Оның 430-ы —мектеп, 605-і— балабақша, 40-ы — колледж, 49-ы— қосымша білім беру ұйымы.

Мектепке дейінгі білім мен тәрбие бағыты бойынша біршама жұмыс атқарылды.Былтыр 3144 жаңа орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Балабақша желісі 31-ге артты. Нәтижесінде 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі ұйыммен қамту үлесі 89,8 пайыз болса,  ал 2-6 жастағы балалардың көрсеткіші 93,1 пайызға жетті.

Биыл орын тапшылығын жою мақсатында  25  балабақша пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс орналастыру саны 2500 орынға артады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын арнайы санаттағы отбасылардан шыққан 6000-ға жуық ( 2022 ж.1663 бала 70 пайыздық жеңілдік алды)  бала тегін тамақпен қамтылды.

177 балабақшаның материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Биыл 140 балабақша жабдықталатын болады, —  деді Жайық Исаұлы.

Ол шара барысында орта білім бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталды.

Үш ауысымды, апатты, орын тапшылығы қалыптасқан мектептердің мәселесін шешу мақсатында 2025 жылға дейін 24 390 оқушы орнына арналған 44 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Өткен жылы 5270 орынға арналған 22 мектеп құрылысы жүргізілді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 18 мектеп салынады. Оның 14-інің құрылысы басталып такетті, — деді басқарма басшысы.

Жайық Исаұлының айтуынша, мектептерді іске қосу барысында кадр мәселесі де кезең-кезеңімен шешіледі. Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен 100 грант бөлінсе, оның 40 пайызы педагогикалық мамандыққа беріліп отыр.

Ел Президентінің шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда жыл сайын кем дегенде 1000 мектепті заман талабына сай, соңғы үлгідегі стандарттар бойынша жаңғырту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында облыста 170 ауыл мектебі жаңғыртылды.

2025 жылға дейін 112 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізіледі (2024 жылы 56, 2025 жылы 56 мектеп), — деді Жайық Сұлтан.

Өткен жылы 92 мектепке 158 жаңа модификациялық кабинет алыныпты. 2024-2025 жылдары 254 кабинет жабдықтарын сатып алу жоспарланып отыр екен.

Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары толықтай бейнебақылау, дабыл түймесі жүйелерімен қамтамасыз етілген. 174 мектеп жедел басқару орталықтарына қосылыпты. Биыл жедел басқару орталықтарына қосылатын ұйымдар санын 2 есеге арттыру жоспарланып отыр.

Жаңа оқу жылынан бастап бастауышта оқитын 86 595 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Басқарма басшысының айтуынша, оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған бірнеше жоба іске асырылып жатыр. Педагогтердің біліктілігі білім сапасына тікелей байланысты болғандықтан, олардың кәсіби өсуі де маңызды. 2023 жылы 7604272 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Биыл 4 мыңнан астам педагогтің біліктілігі арттырылатын болады.

14 мектеп басшысының орынбасары «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында арнайы курстан өтуде.

Қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын жою бойынша жаңа шешімдер қабылданды.

Жаңа оқу жылынан бастап «Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін цифрлық технологияларды қолдана отырып дамыту» жобасы жүзеге асырылуда. «Қазақстан халқына» қорының есебінен шағын жинақты ауыл мектептері  5 млрд теңгеге жабдықталды.  Облыстың 12 тірек мектебінің әрқайсысы 250 млн теңгеге жаңартылды. Бұл тірек мектептер 36 магниттік мектепке бекітілді.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім беру ұйымдары 87120 көркем әдебиетпен толықты.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру саласы да қарқынды дамуда. Жаңа оқу жылына 6932 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. 700 колледж оқушысына кәсіпорындардың өтінімдеріне сәйкес нысаналы оқыту мемлекеттік тапсырысы бойынша білім берілуде.2 колледжге алғаш рет 10-11  сынып оқушылары үшін жұмысшы мамандықтары бойынша эксперименттік білім беру  бағдарламасы енгізілді. 24 колледж 24 кәсіпорын шефтік қамқорлыққа берілді.

           Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button