Білім

Ақтөбелік дарындылар ел намысын қорғады

Бәрекелді

Алматы қаласында ХХ халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Білім додасында біздің облыстың дарынды оқушылары топ жарып, ел намысын қорғады.

Биыл олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Монғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния  секілді 15 елден жалпы 85 команда, 600-ге жуықоқушықатысты.

Аталған шарада дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары өте жоғары нәтиже көрсетті. Артур Ким физика пәнінен алтын медальді жеңіп алса, НұралиТюлюбай қола медальға ие болды. Ал математика пәнінен Ерқанат Кеңшілік пен Серік Мырзабек күміс медальды қанжығаларына байлап, еліміздің мәртебесін асқақтатты.
Сонымен қатар Ақтөбе қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің11-сынып оқушылары Ахан Нәби математикадан екінші орынға ие болды, ал Айдана Айтөре физикадан үшінші орынға лайықты деп танылды.

Білім бәйгесінің мақсаты—дарынды оқушыларды анықтау, оларды интеллектуалдық тұрғыдан дамыту және кәсіби бағдарлау үшін жағдай жасау. Сондай-ақ оқушылар арасында физика-математика және IT білімдерін насихаттау, басқа елдердің физика-математика мектептерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button