Пікір

Болашаққа деген нық сенім білімнен басталады

Ләззат АЙТҚҰЛОВА,
№2 орта мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатын оқыдық.
Кез келген дүние адамның ойымен, білімімен жасалады. Бұл орайда бүгінде ел бюджетінің ауқымды бөлігі осы білім саласына бөлінуде. Қазіргі таңда жас ұрпақтың шығармашыл болуына, жаһандық сын-қатерлер кезінде жағдаяттардың күрмеуін шеше білуіне бағытталған жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілді. Президентіміз айтқандай, қазіргідей жаһандық даму кезеңінде біз «өткенді аңсап» отыратын кезден арылып, болашаққа нық сеніммен қарап, алға басуымыз керек.
Әр заманның өз көші болады және сол көштің құрамына сай өз қағидалары мен жаңарулары болып отыратыны ақиқат. Осыған байланысты елімізде «Жайлы мектеп» жобасы қолға алынып, әлеуметтік қиыншылыққа қарамастан, балаларға барлық жағдай жасалып келеді. Цифрлық оқулықтар қолданысқа еніп, Педагог мәртебесін көтеру мақсатында «Цифрлы педагог» жобасы жүзеге асырылуда. Міне, заман талабына сай білім саласында белсенді, көзі ашық, санасы ояу жас кадрлар резервін қалыптастыруда елімізде жаңашылдықтар қолға алынуда. Мұның барлығы — Әділетті Қазақстан құрудағы нақты қадамдар.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ата-баба аманатын сақтау, елінің парасатты да саналы, терең ойлы азаматы болу — әр адамның борышы және қолынан келетін іс.
Сондықтан сіз бен біз жақсы өмір сүру үшін ел дамуы жолында аянбай тер төгейік!

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button