Білім

Бірлесе жұмыс жасау жетістікке жетелейді

Мектеп

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның жан-жақты білімімен, шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімді пайдалануымен өлшенеді.

Бүгінде LS-зерттеу сабақтарын оқу үрдісіне енгізудің тиімділігі зор. Себебі бұл зерттеу педагогикалық ұжымдық мәдениетті қалыптастырады, оқу бағдарламалары мен ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі, мұғалімнің кәсіби өсуін жетілдіреді, сабақты бақылау мен кері байланыс орнату дағдыларын қалыптастырады, сабақтың сапасын жақсартады, білім алушылардың пәнге қызығушылықтары арттырады. Бүгінде біз мектеп-гимназияда деңгейлік курс бітірген 14 мұғалім, 3 мектеп тренері бар. Атап айтсақ, І деңгейлі тренер өзім болсам, ІІ деңгейлі тренерлер — Фарида Көшекбаева мен Ақерке Алдиярова. Біз өзіміздің зерттеуші топтарымызды құрып, ортақ талдау сұрақтарын анықтап, одан кейін бірнеше пән бойынша тізбектелген зерттеу сабақтарының жоспарын жасап, бекіттік. Біздің бірнеше жылғы мектепішілік тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірлесе зерттеу, проблемаларды бірлесіп шешу мәселелері жолға қойылған. LS-зерттеу мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Үздіксіз зерттеу сабақтарының серияларын үзбей өткізу, заманауи әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана отырып, бақылап, зерттеп, талдап, соңында нәтижеге жетуге болатынын түсіндік. Әлемдік деңгейде қолдау тапқан LS-зерттеу сабақтары — бір мақсатқа жұмылған іскер ұстаздар шеберханасы. Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор ұстаздарымыз — А.Раушанова, А.Жолманова, Ш.Боханова, А.Өмірбаева, Ж.Түсібекова, Ж.Нұржанова, Д.Әбуғазиева, А.Сәрсембаева, Д.Шанаева, Б.Нукусова, Н.Жансүгірова, А.Алданазарова, К.Еркібаева, С.Жекеева, А.Тажигутова, А.Ержанова, А.Бағыланқызы, С.Мұқашева, Г.Жанай, Г.Жәшібай, І.Мұхамедиевалардың зерттеу сабақтарының бірнеше озық қысқа мерзімді жоспарлары жинақталып, мұғалімдер үшін көмекші құрал болып шығарылды. ХХІ ғасыр дағдысын қалыптастыратын, кең ауқымды құзыреттілікке жол ашатын әдісті қолданушы топ мүшелерінің санын арттыру алдағы жылдары жоспарымызда бар.

Д.МҰХАНБЕДИЯРОВА, Ғ.Ақтаев атындағы

№6 мектеп-гимназиясы директорының ғылыми

әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button